Астанада тақия тігуден рекорд орнатылды

Астанада тақия тігуден рекорд орнатылды
фото: https://www.youtube.com

Астанада бір сағат ішінде 500 тақия тігіліп, рекорд орнады.

 Тақия Fest аясында ұйымдастырылған іс-шараға еліміздің барлық өңірінен 100-ге тарта ісмер жиналды. Арнамыздың түсірілім тобы мерекеге қатысып, шебер аналардың өнерін тамашалады.

Ғасырлық тарихы бар сәукеле, белдемше, шолпылар. Көненің көзіндей сақталған осындай ұлттық киімдерін қырғыз әжелері жалпақ жұртқа арнайы көрсету үшін Арқа төріне алып келген екен. Астана мен өзге өңірлердің шеберлері де сәнді әшекейлері мен бұйымдарын ұсынды. Қолөнершілердің бәрі КИНЕС рекордтар кітабына кіруге ниетті. Бүгінгі фестивальдің басты мақсаты – бір сағатта 500 тақия тігіп шығу.

Рекордты орнатуға арналған тақия үлгісі алдын ала таңдалып алынған. Көк байрағымыздың түсіндей тақияларға ою-өрнек пен рәміздегі алтын түсті нышандары қондырылды. Шебер аналардың алқалы жиыны ұлттық мәдениет пен қолөнерді дәріптеуге арналған. Қазақстандық Гиннесс рекордына тіркелген 500 тақия алдағы уақытта қайырымдылық қорлар арқылы әлеуметтік осал топ өкілдеріне таратылады.

https://24.kz/kz