
фото: Сапалы Қазақстан
Атақты күйші, композитор, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай халықаралық «Әлқисса» онлайн домбыра байқауы өтеді. Бұл туралы «Отандастар қоры» КЕАҚ мәлім етті.
Домбыра байқауын «Отандастар қоры» КЕАҚ пен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы ұйымдастырады, деп хабарлады kaz.inform.kz.
Өтінімдер 20 наурызға дейін қабылданады. Ал, қазылар алқасының қарауы 21 – 26 наурызда жүзеге асса, жеңімпаздарды марапаттау салтанаты 1 сәуір күні Астана қаласында өтеді.
Қатысу шарттары:
– Жас санаты: 12-17 жас және 18-25 жас;
– Н.Тілендиевтің күйлерінің бірін орындап, бейнежазба жолдау;
– Бейнежазбамен қоса қатысушы өзі туралы қысқаша ақпарат пен шетелдік азамат екенін растайтын төл құжатын жолдайды.
Өтінімдер oqbaiqau@gmail.com немесе +77471783938 (Telegram) арқылы қабылданады.
Бейнежазбаға қойылатын талаптар:
1. Ұзақтығы 1 минуттан кем емес, 5 минуттан көп емес.
1. Күй басталмас бұрын:
– Амандасу;
– Аты-жөні, жасы және тұратын елі туралы айту;
– Орындайтын күйінің атын айтуы қажет.
3. Бейне мен дыбыс сапасы жақсы болуы тиіс.
4. Киім үлгісі: қазақша.
5. Қатысушы өз бейнежазбасының әлеуметтік желілерде жариялануына келісім береді.
Орындауға болатын күйлер: «Алтын дән», «Ата толғауы», «Аңсау», «Темірбектің төкпесі», «Әлқисса», «Баламишка», «Аққу», «Көңілді бикеш», «Теріс қақпай», «Арман» және Н. Тілендиевтің нұсқасындағы халық күйі «Ақсақ құлан».
Сыйлықтар:
– 18-25 жас санаты бойынша
Гран-при: 400 000 теңге, Домбыра, Кітап1-орын: 250 000 теңге, Домбыра, Кітап
2-орын: 100 000 теңге, Домбыра, Кітап, Шапан
3-орын: Домбыра, Кітап, Тоғызққұмалақ
– 12-17 жас санаты бойынша1-орын:
Ноутбук
2-орын: Планшет
3-орын: Смартсағат
ҮЗДІК-10 қатысушыға «Жас қазақ» этно-лагеріне тегін жолдама
Материал kaz.inform.kz сайтынан алынды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через