17 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

17 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
фото: 24.kz

       Бүгін – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. Наурызнама жалпыұлттық онкүндігі аясындағы мерекеде түрлі көрмелер ұйымдастырылып, концерт, фестивалдер өтеді. Наурызды Ұлыстың ұлы күні деп бекер айтпайды. Дәл осы кезеңде жер жаңарып, күллі тіршілік атаулы жанданады. Самарқанның көк тасы жібиді.

       Наурыздың тарихы тереңде. Ғалымдардың айтуынша ұлық мейрамды астрономиялық дәлдікпен тойлаймыз. Бұл Самарқанның көк тасы жібитін кезең. Яғни, құл құлдықтан құтылатын мезет. 

       Ұлыстың ұлы күні – түркі әлеміне ортақ мереке. Дегенмен, қазақ халқы үшін орны ерек. 

       Наурызды о шеті мен бұ шетіне аттылы адам айлап әзер жететін байтақ өлке ертеде ай бойы тойлаған деседі. Өйткені бір өңірде малдың аузы көкке тигенмен, кей аумақта кәрі қыс әлі тонын жамылып жатыр.

       https://24.kz/kz