14 наурызда елімізде Ұлттық құрылтайдың IV отырысы өтеді

14 наурызда елімізде Ұлттық құрылтайдың IV отырысы өтеді
фото: https://www.google.com/kazakhstan_news

       Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 14 наурыз күні Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысады. 

       Ақорданың мәліметінше, жиында мемлекет басшысы сөз сөйлейді. 

       “Ұлттық құрылтай мүшелері қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстарын ортаға салады”, – делінген хабарламада.

       Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары Ұлытауда, Түркістанда және Атырауда өткен болатын.

       https://stan.kz/