Қытай жастары неге кеш үйленеді?

Қытай жастары неге кеш үйленеді?
фото: pixabay.com

Қытайда жоғары лауазымды шенеуніктерінің бірі жастардың некеге тұру жасын 18-ге дейін төмендетуді ұсынды. Бұл тралы "Сапалы Қазақстан" порталы хабарлайды. 

Қазіргі уақытта бұл елде ер адамдар 22 жасқа дейін үйлене алмайды, ал әйелдер 20 жасқа дейін тұрмысқа шыға алмайды. Айтпақшы, бұл әлемдегі ең жоғары жас шектеулерінің бірі. 1979 жылы бұл ереже («бір отбасы – бір бала» қағидасымен бірге) туу көрсеткішін және онымен бірге ел экономикасына түсетін салмақты азайту мақсатында бекітілген еді.  Жарты ғасырдан кейін, яғни 2015 жылы партия бұл саясаттан бас тартты.

 Бірақ қазір ел үкіметі керісінше міндет қойып отыр. Статистикаға сүйенсек, 2023 жылы Қытай халқы 2 миллион адамға азайды. 1949 жылдан бері көрші елде мұншалықты аз бала туған жоқ. Қытайдағы бұрынғы халық санының азаюы 1960 жылдары елде жаппай ашаршылық болған кезде тіркелген болатын.

Фото: pixabay.com.

 Бұл елге дағдарыс қаупі туындап отыр. Қазр Қытай халұы байып жатқаннан гөрі тезірек қартайып жатыр. Демек, еңбекке жарамсыз аға буынды қолдауға қыруар қаражат қажет болады. Қарапайым тілмен айтқанда, Қытай үкіметіне қазір адамдарды үйленуге және балалы болуға ынталандырудың қандай да бір жолы керек. Және неғұрлым тезірек.

 Қытайда талқыланып жатқан екінші ұсыныс – туу шектеулерін алып тастау. Осы заңның кесірінен некесіз туған балалардың мектепке баруы, кейін есейген соң баспана алуы қиынға соғып жатыр.

Демографиялық жағдайды жақсартудың үшінші нұсқасы – декреттік демалысты 98 күннен екі жылға дейін ұзарту.

Бұл идея жергілікті халық арасында қолдау таппады. Қытай азаматтары (кем дегенде олардың кейбіреулері) қазіргі экономикалық және әлеуметтік жағдайда некеге тұру мен бала тәрбиелеудің болашағы бұлыңғыр деп санайды.

 Фото: pixabay.com.

Қытайдың азаматтық істер министрлігі «Азаматтық әкімшілік бойынша 2024 жылдың төрт тоқсанындағы статистикалық деректер есебін» жариялады, деп хабарлайды The Paper жаңалықтар порталы. Министрліктің мәліметінше, 2024 жылы Қытайда 6 106 000 жұп некеге тіркеліп, 2 621 000 жұп ажырасу туралы куәлік алған. 

2023 жылы Қытайда 7 680 000 жұп неке қиып, 2 593 000 жұп ажырасқан болатын. Демек, 2024 жылы тіркелген неке саны 20,5%-ға азайса, ажырасқандардың саны 1,1%-ға көбейген. 

Сингапурлық «Lianhe Zaobao» басылымының мәліметінше, Қытайда неке қию көрсеткіші 2014 жылдан кейін жыл санап азайып, 2023 жылы ғана болмашы серпіліс көрсеткен болатын. Басылымның атап өтуінше, қытайлық тәуелсіз демограф Хэ Яфу өткен жылдың қараша айында 2023 жылы неке қию көрсеткішінің 2022 жылмен салыстырғанда қайта көтерілуінің себебі жайлы WeChat әлеуметтік желісі арқылы пікір білдірген. Оның айтуынша, бұл құбылысқа 2020-2022 жылдары COVID-19 пандемиясының салдарынан көптеген болашақ жұбайдың үйлену жоспарын кейінге қалдыруы себеп болған.

 Фото: pixabay.com.

Басылымның жазуынша, Қытай экономикасындағы белгісіздік пен ел бойынша тұрмыс құнының үздіксіз өсуі жастарды үйлену ісін кейінге шегеруге мәжбүр етіп отыр.

Айта кету керек, бұл Қытайдың неке жасын төмендету және бала туу саясатын өзгерту идеясын алға тартуға тырысуы бірінші рет емес. 2021 жылы Қытай Коммунистік партиясының жоғарғы басшылығы Қытай тұрғындарына үш балаға дейін бала тууға рұқсат беру туралы шешім қабылдады. Бірақ елдегі демографиялық жағдай әлі де жақсармай келеді.

Материал kaz.inform.kz сайтынан алынды.