
фото: https://www.www.instagram.com
Қазақстан құрамасының керлингшілері Әмина Сейітжанова мен Азизбек Надирбаев Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында екінші жеңісіне қол жеткізді.
6 ақпанда спортшылар аралас жұптар арасындағы топтық кезеңде Қырғызстанға қарсы кездесу өткізді.
Кездесу 12:5 есебімен қазақстандық дуэттің пайдасына аяқталды.
Бұл жеңіс команда үшін қатарынан екіншісі болды. Бұған дейін Қазақстан құрамасы Қатар жеңген еді.
Төрт матч қорытындысы бойынша Қазақстанның еншісінде екі жеңіс пен екі жеңіліс бар. Біздің керлингшілер бұл кезеңдегі соңғы кездесуін бүгін Филиппиндерге қарсы өткізеді.
https://nege.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через