Интернет алаяқтардан сақ болыңыз

Интернет алаяқтардан сақ болыңыз
фото: https://pixabay.com

       Көпқабатты үйлердің кейбір подьездерінде "Осы каналда үй мәселесін шешеміз" деген желеумен QR арқылы ортақ чатқа шақыратын қағаздар ілініп жатыр екен.

       QR кодты ойланбай сканерлеген адам фишингтік сайтқа тап болуы мүмкін.Ондай сайттар қауіпті. Тіпті кейбір сілтемелер телефонымызға автоматты түрде мәлімет (банктік реквизиттер, карта, мобильді қосымшалардың парольдері) ұрлайтын вирус орнатады.

       Жалпы осыған ұқсас қандай да бір оғаш әрекет жасап қойсаңыз, банкке хабарласқан дұрыс. Қолдан келсе, шоттың паролін өзгертіп, мобильдік қосымшадан интернет-төлемді ажыратып қою керек. Не болса да сақ болайық!