
фото: https://www.istockphoto.com/
Қазақстан халқының саны 20 286 084 адамға жетті.
Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға байланысты Қазақстан халқының саны 20 млн 286 мың 084 адамға жеткенін мәлімдеді.
Оның ішінде: қала тұрғындары – 12 774 743 адам, ауыл тұрғындары – 7 511 341 адам.
"Былтыр жыл басынан бері халық саны 252 242 адамға өсті. Елімізде былтыр жыл басынан бері 235 078 бала туған, 17 164 адам көшіп келген", – делінген хабарламада.
Халық санының ең жоғары өсу қарқыны Астана мен Алматы қалаларында, тиісінше 6,91% бен 2,86%, сонымен қатар Шымкент қаласында тіркелді – 2,80%.
Республикалық маңызы бар қалалардан басқа, бір миллионнан астам халқы бар облыстар – Түркістан (2,1 млн), Алматы (1,5 млн), Жамбыл (1,2 млн) және Қарағанды (1,1 млн).
https://informburo.kz/kaz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через