
фото: pixabay.com
Ерте жүктілік - бұл 13 пен 19 жас аралығындағы жүктілік. Бұл уақытта қыздар жасөспірімдік кезеңді және гормоналды өзгерістерді бастан кешежі. Медициналық стандарттарға сәйкес, 18 жасқа дейін болған жүктілік ерте болып саналады. Дәл осы жаста әйел денесі толығымен жетіліп, бала көтеруге және тууға дайын болады.
Соңғы 5 жылда 13 пен 17 жас аралығындағы қыз балалардың жүкті болып қалу көрсеткіші бір жарым есе өсті. Ерте босану жағдайлары әсіресе, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау облыстарында көбейген. Осылай деген сенатор Нұртөре Жүсіп Оқу-ағарту және Денсаулық сақтау министрлігіне мектептегі бақылауды күшейту қажеттігін айтып, депутаттық сауал жолдады. Оның дерегінше, 2023 жылдың өзінде 5 мыңнан астам жасөспірім ерте ана болған. Бұл медициналық ұйымдарға тіркелгені ғана. Оның көбі - зорлық-зомбылық көргендер, дейді депутат. Арыз жазудың орнына мәселені жылы жауып қоюға тырысатын ата-ана да аз емес деген сенатор, ағарту жұмыстарын шұғыл қолға алуды ұсынды, деп жазды qazaqstan.tv.
Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Біз бұл мәселеге ерекше назар аудармасқа болмайды. Өйткені мұның әлеуметтік салдары бар. Жүкті болған қыздар автоматты түрде қауіп-қатер аймағына енеді және білім алу мүмкіндігін жоғалтады. Әлеуметтік қайшылықтарға тап болады. Сондықтан осыған байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, ұлттық деңгейде жүйелеу қажет деп есептеймін.
Ерте жүктіліктің қаупі қандай?
Жүктілік кезінде дененің күшейтілген режимде жұмыс істейтіні белгілі - жүрек-қан тамырлары, эндокриндік жүйе және ішкі органдарға үлкен жүктеме түседі. Жасөспірімдік кезеңдегі гормоналды өзгерістер жүктілік кезіндегі өзгерістерге қосылған кезде баланы көтеру қиынырақ. Бұл қалай көрінеді, жас аналар анемия және ауыр токсикозды бастан кешіреді. Жас қыздардың денесі мұндай күйзеліске әлі дайын емес!

Фото: pixabay.com.
Жалпы жүктіліктен қалай қорғануға болады?
Ерте жүктіліктің көпшілігі жоспарланбаған. Статистика көрсеткендей, жүктіліктің 70% түсік тастаумен, 15% түсікпен және 15% ғана босанумен аяқталады. Бірақ осы 15% -ның ішінде босану кезінде баланың немесе ананың қайтыс болу қаупі бар, деп жазды nsportal.ru әлеуметтік танымдық желісі. Ерте жүктіліктің негізгі мәселесі жыныстық тәрбиенің жеткіліксіздігі немесе оның мүлдем болмауы деп саналады. Көптеген отбасында бұл тақырыптар тыйым салынған деп саналады. Бірақ бекер. Негізінде қалаусыз жүктілік мәселесі шешімінің 90% үйдегі жағдай мен ата-ана тәрбиесіне байланысты.
Ерте жүктіліктің нәтижесі.
Ерте жүктіліктің салдарына үңілетін болсақ, жүкті қыз көбінесе өзін білім алу, жақсы жұмыс табу және мансап құру мүмкіндігінен айырады. Ерте жүктілік және оның салдарын болжау қиын. Әрбір бозбала, жас жігіт әке болғысы келмейді, сондықтан ол жауапкершіліктен қашады. Осындай қиын жағдайға тап болған қызға ата-анасы, мамандар көмектессе жақсы. Қолдау көрмеген қыздың болашағы да бұлыңғыр болады. Себебі, білім жоқ, жұмыс жоқ, баланы асырауға ақша жоқ. Тығырықтын шығудың жолын тапапған жас қыз соңында нәрестесін балалар үйіне жіберуге мәжбүр болады. Осылай істесе жақсы, әйтпесе жаңа туған шақалақты қоқыс жәшіктеріне тастап кетіп жатқан жағдайларды да естіп жатырмыз.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через