Ұлыбританияда «Гарри Поттердің» алғашқы сирек кездесетін кітабы қоқыс жәшігінен табылды

Ұлыбританияда «Гарри Поттердің» алғашқы сирек кездесетін кітабы қоқыс жәшігінен табылды
фото: bbc.com

       Қателер бұл кітаптың алғашқы басылымының 500 данасының бірі екенін анықтауға көмектесті, деп жазады BBC.

Ұлыбританияда «Гарри Поттердің» алғашқы сирек кездесетін кітабы қоқыс жәшігінен табылды.

«Гарри Поттер және философиялық тастың» лақтырылуы тиіс бірінші басылымы 40 000 фунт стерлингке сатылады.

Девон графствосы Пейнтон қаласындағы NLB аукцион үйінің иесі Дэниел Пирс кітапты қайтыс болған ер адам заттарының арасынан тапты.

   — Бұл біздің ең үлкен олжамыз. Отбасы қуанып қалды, олар мұны мүлде күтпеген еді… Бұл олар үшін қомақты қаржы әкелетін болады. Кітап сөреде 20 жыл бойы сақталған, - деді ол.

Ол кітапты қоқыс жәшігіндегі заттардың арасынан тапты.

Пирс алғашқы баспаның 200 данасы кітап дүкендеріне, 300 данасы кітапханаларға жіберілгенін айтты.

   — Бұл сол 300-дің бірі, — деді ол.

Оның айтуынша, кітап өте жақсы жағдайда.

Бірінші бетте қарындашпен белгіленген 2 фунт стерлинг деген бағасы бар, бұл — кітапхана сататын баға.

Бірінші басылымның ерекшелігі, оның артқы мұқабасындағы «философиялық» сөзінде «о» әрпі қалып қойған.

Ол сондай-ақ осындай күйдегі тағы бір көшірме қараша айында 42 000 фунт стерлингке сатылғанын айтты.

https://kaz.inform.kz/