Трамп трансгендерлерге әскерде қызмет атқаруға тыйым салмақ

Трамп трансгендерлерге әскерде қызмет атқаруға тыйым салмақ
фото: https://pixabay.com/ru/

АҚШ президенті Дональд Трамп трансгендерлерге әскери қызмет атқаруға тыйым салатын жарлыққа қол қоймақ. Сонымен қатар әскери күштердегі  көптүрлілік, теңқұқықтық бағдарламаларын алып тастайды.

The New York Post Ақ үйдің құжаттарына сүйене отырып, Трамптың осындай екі құжатқа қол қоятынын жария етті.

Трамп президент қызметіне кіріскен алғашқы күні Джо Байден әкімшілігінің трансгендерлерге әскерде ашық қызмет етуге рұқсат беретін 2021 жылғы шешімінің күшін жойған. Бірақ Трамп мұнымен шектелмесе керек. Психологиялық және физикалық әзірлігі мәселесіне сүйеніп, мыңдаған трансгендерлерді әскерде қызмет етуге тыйым салып, әскери стандарттарды бекітпек.

«Табандылықтан, күштен және ауыр жүктемеге төтеп беру қабілетінен басқа ымыра болмауы тиіс. Бұл талаптарға сәйкес келмейтін тұлғалар әскерде қызмет атқара алмайды. Ондаған жылдар бойы солай болып келді де», – делінген құжатта.

Құжатта мынадай жайт көрсетіліпті. Жынысын ауыстырған отадан кейін емдеу курсын алу керек. Оған кем дегенде 12 ай уақыт керек.

«Олар әсері күшті есірткі препараттары қолданылады. Осы кезеңде ол әскери дайындық талаптарына сәйкес келмейді. Ұдайы дәрігерлердің бақылауын қажет етеді. Бұл әскерді жауынгерлік әзірлік талаптарын орындауға, әскерді өрістетуге ықпал етпейді», – делінген құжатта.

ҚазАқпарат