
фото: https://pixabay.com/ru/
Құтқарушылар 1994 жылы туған әйелді жедел түрде мұз астынан шығарып алған
Құтқарушылар өзен бетіндегі мұз жұқалығынан су астына кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Ертіс өзенінде әйел адам мұз астына кеткенін рейдтік іс-шаралар барысында ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері байқап қалған.
Құтқарушылар көмекке асығып, 1994 жылы туған әйелді жедел түрде мұз астынан шығарып алған. Өзенге кеткен әйелге мамандар алғашқы медициналық көмек көрсетіп, содан кейін оны жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Белгілі болғандай, ол сүретке түсу үшін өзен бетіндегі жұқа мұзға шыққан, бірақ мұз шыдамаған соң, суға кеткен.
"Ауа райына байланысты мұздың құрылымы тұрақсыз. Мұзға шықпауды өтінеміз. Өзіңізге және өміріңізге қауіп төндірмеңіз", - деді құтқарушы Данил Соловей.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через