фото: https://www.gov.kz/memleket/entities/culture/press/news/details/
«Шатырдағы екеу» фильмі Үндістанның Калькутта қаласында өткен «Алтын арыстан» (GLIFF) халықаралық кинофестивалінде екі аталым бойынша жеңімпаз атанды.
Қазақстандық «Шатырдағы екеу» фильмі Үндістандағы кинофестивальде жеңімпаз атанды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, фильм үздік толықметражды фильм деп танылып, Best Debut Filmmaker Of Feature Film номинациясында жеңіске жетті.
Сонымен қатар фильм өткен жылы Нью-Йорктегі Oniros Film Awards беделді конкурсының ширек финалына шықты. Кинокартина ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен түсірілген.
«Шатырдағы екеу» фильмінде тағдыры қиындыққа толы жас жігіт Дамир мен аутизмге шалдыққан жасөспірім Костяның арасындағы достық суреттеледі. Шығармашылық топ картинада инклюзияның маңызын және ерекше балалардың қоғамға бейімделу мәселесін көтерген.
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Қазақфильм» ұлттық киноны қолдау орталығының қаражатына қол жаймайтынын айтты.
https://kaz.inform.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через