Қазақстандық ғалымдардың онкологияға қарсы дәрісі биыл тіркеуден өтеді

Қазақстандық ғалымдардың онкологияға қарсы дәрісі биыл тіркеуден өтеді
фото: https://pixabay.com/ru/users/deeznutz

       Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің кеңейтілген отырысында Дос Сарбасов бастаған қазақстандық ғалымдар ойлап тапқан онкологияға қарсы препарат жыл соңына дейін тіркеуден өтетінін мәлім етті.

- Бір топ қазақстандық ғалым онкологиялық ауруларды емдеуге арналған препарат жасап шығарды. Қазіргі таңда клиникалық сынақтардың екінші фазасы жүріп жатыр. Оны аяқтау және препаратты тіркеу осы жылдың соңына жоспарланған, - деді Олжас Бектенов

       Елордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.

       Онда еліміздің 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалады.

       https://kaz.inform.kz/