
фото: https://www.istockphoto.com/portfolio/Andreus
Бүгінде Ұлттық академиялық кітапхана қорында 1,5 млн кітап сақталған. Бір шығарманың бірнеше данасы бар. Осы туындылардың қазір тек 1003-і ғана цифрлық форматқа көшірілген екен. Арасында араб, парсы, татар, шағатай мен өзге де тілдерде жазылған құнды шығармалар да кездеседі. «Бұл істі жылдамдату үшін материалдық-техникалық базаны жаңарту қажет», – дейді мамандар. Оның үстіне авторлық құқық мәселесі де тығырыққа тіреп тұр.
Кітаптарды цифрлық форматқа көшіру. Бұл жұмыс табандылық пен бірнеше сағатты талап етеді. Мәселен, мұқабасы қалың, парақтары кірленгендері болса, сканерден өткізу мен оны өңдеуге ұзақ уақыт кетуі мүмкін.
Бұл жұмыста техникалық тұрғыдан көптеген қиындық бар. Яғни, қолда бар сканер кітаптарды кейін редакциялау мүмкіндігін беретіндей етіп электронды нұсқаға түсіре алмайды. Оны мамандар өзге қосымша арқылы жасайды. Бұл жерде көптеген әріптер оқылмай қалуы мүмкін. Сондықтан оны қайта қолмен теріп шығу қажет екен.
Бұл мәселені шешудің бірінші жолы – ол кітапхананың материалдық-техникалық базасын жаңарту. Екіншісі – өзге баспалармен бір келісімге келіп, шығармалардың электрондық нұсқасын еш қиындықсыз алу.
Айта кету керек, бүгінде қолданыстағы заң автордың келісімі болмаса немесе бұл шығарма қоғамның меншігіне айналмайынша оны электрондық нұсқада жариялауға тыйым салады. Ал егер меншік иесі өмірден озып кетсе, онда оның шығармасы тек 70 жылдан кейін ғана қоғамның меншігіне айналады. Яғни сол кезде цифрлық форматқа ауыстыруға рұқсат беріледі.
Мамандардың сөзінше, кітапхана ісі туралы жаңа заң қажет. Яғни барлық кітапханаларға арналған ортақ стандарт құрып, автоматтандырылған базаны енгізу керек.
https://24.kz/kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через