фото: Сапалы Қазақстан
Майра Ілиясованың қазақтың төл өнерін насихаттап жүргеніне жарты ғасырға жуықтады. Осы ерен еңбегі еленіп, жақында "Халық әртісі" атағына ие болды.
Елімізге танымал тұлға ұйымдастырған "Жан анам", "Сағындырған әндер-ай", "Бабалар үн"» атты жобалар халыққа жақсы таныс. Сондай-ақ өнер иесі кезінде эстрада жұлдыздары Тамара Асар, Жанболат пен Жазира, Мирас пен Құралай, Нұрболат Абдуллин, "Серілер", "Қыздар-ай", "Ерке", "Хассақ" сынды топтардың танылуына қолдау көрсеткен еді.
«Сапалы Қазақстан» порталының тілшісі Майра ханымды Астанаға арнайы іздеп барып, ұлттық өнер, дәстүрлі әндер жайлы, бүгінгі дарынды жастардың бағыты туралы пікірін біліп қайтқан еді. Назарларыңызға бейнетаспаға жазылған сұхбатты ұсынамыз.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через