фото: pixabay.com
Банк картасын ересектер ғана емес, кәмелетке толмаған қазақстандықтар да пайдалана алады. Балаларға мұндай банк картасы не үшін қажет және ол туралы не білуіміз қажет? «Сапалы Қазақстан» порталының тілшісі балалар картасына байланысты жағдайды саралап көрді.
Көптеген отандасымыз қолма-қол ақшадан бас тартып қана қоймай, тіпті өз балалары үшін де төлем карточкаларын ашып жатыр.
Фото pixabay.com.
Балаларға банк картасын ашқан тиімді ме?
- балалар картасын ашу қолма-қол ақша мәселесін шешеді, баласына қалта шығындарына беру үшін ата-аналарға ұсақ ақша іздеудің қажеті жоқ;
-картада ақша сенімді қорғалады, мысалы купюралар жыртылып, ал монеталар жоғалып кетуі мүмкін;
-картаны пайдаланатын баланы кассада отырған сатушы артық ақша алып, тонап кетеді деп алаңдаудың қажеті жоқ;
-ата-аналар ақшаның балалар картасында қалай пайдаланылатынын көреді және оның жұмсалуын бақылай алады.
Жалпы алғанда, балалардың төлем картасының қолма-қол ақша алдындағы артықшылығы кәдімгі банк картасымен бірдей. Қазір оны көптеген банкте ата-аналар өз балалары үшін аша алады.
Фото pixabay.com.
Карточканы ресімдеу үшін ата-анасының жеке куәлігі және баланың туу туралы куәлігі қажет. Айта кету керек, әр банктің баланың жасына өз талаптары бар. Кейбірінде бес жасар балаға арналған карточка ашуға болады, ал кейбірінде он жасқа толған жеткіншекке ғана рұқсат етеді.
Ересектер балалардың операцияларын банк қосымшасынан көре алады және олар туралы телефонға хабарласа алады.
Ата-аналар балаларының картасын үнемі тексеріп тұруы қажет
Санды технология дамыған заманда ата-аналар балаларының картасына өте мұқият қарап, үнемі тексеріп тұруы қажет. Себебі алаяқтар өзгенің қаржысын жымқыру үшін жасөспірімдер мен балалардың банктік есепшотын пайдалануға көшкен. Бұл деректі Жоғары сот растап отыр.
Алданғандардың арызы бойынша егер алаяқтар табылмаса, ортадағы дропперлер жауапқа тартылады. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, былтыр банктік карталары арқылы алаяқтарға аударылған 1 миллиард теңгеден астам қаржы өндірілген.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через