Америкада әр 36 баланың біреуі аутист

Америкада әр 36 баланың біреуі аутист
фото: https://pixabay.com/ru/users/

       Елімізде аутизмге шалдыққандар саны соңғы бес жылда бес есе өскен.

       Соңғы 25 жылда әлемнің барлық елдерінде аутизм диагнозы артып келеді. Бұл жағдайға Дональд Трамп та алаңдаушылық танытты.

       “25 жыл бұрын 10 000 баланың біреуінде аутизм анықталатын, қазір әр 36 баланың біреуі аутист. Неге олай екенін білмедім, бірақ бірдеме дұрыс емес. Осы жағдайды толық зерттеумен айналысамыз», — деді ол.

       Бұған дейін Трамп кіші Роберт Кеннеди вакциналар зиянды немесе тиімсіз деп тапса, балаларды вакцинациялауды тоқтататынын айтқан болатын.

       АҚШ-та, Еуропада, Ресейде, Қытайда, жалпы әлемнің барлық елінде аутизм артып кеткен.

       Қазақстанда да өте көп. Кей азаматтар Өзбекстан асып, ем алуда. “Тез арада емдейді, емнің әсері жақсы” дегенді айтып жүр. Алайда ата-аналардың соңғы білдірген пікірлеріне сүйенсек, Өзбекстан дәрігерлеріне қаратқан балаларының жағдайы түзелмеген. Өзбек клиникалары емдейміз деп, жалған ақпарат таратып, ауру үстіне ауру жамап беріп жатыр.

       «Сұмдық. Сонда соңғы 25 жылда қанша есеге артқан? 280 есе ме? Бір зерттеу жұмысын оқып едім. Сонда аутизм әлем бойынша арта беретіні және болашақта экономиканың дамуына кедергі болатыны айтылады», — деп жазды Асхат Қасенғали.

       Ал логопед-дефектолог маман Гүлсара Ниязқызының айтуынша, 2019 жылғы короновирус вирусының эпидемиясынан кейін аталмыш ауытқулары бар балалардың саны артты. Маман аутизм диагнозы қойылған балаларды ең алдымен невропотолог пен психиатрға көрсетуге кеңес берді. Психиатрға барудан шошу немесе ұялу мәдениетінен арылу керек. 

       «Цифрлі аутизм деген заманауи диагноз. Балалардың сматфондарға байланып қалуы қазір белең алып барады. Ата-аналар баласына телефон ұстатса, ой-өрісі дамиды деп ойлайды. Шындығында, цифрлі технологияларға тәуелділік баланың тұйық болуына, эмоциясы болмауына, сөйлемеуіне әкеледі. Баланың дамуы үшін барлық сезім мүшелері қамтылуы керек. Көзімен көру, тыңдау, сезіну, дәмін тату сынды сезім мүшелері әрқашан бірлесе дамуы керек. Ол үшін баламен күнделікті ата-аналары сөйлесіп, көңіл бөлуі керек. Ал теледидар және телефоннан көрсетілетін ойын-сауық бағдарламалары балаға мәні жоқ, пайдасы жоқ нәрселер ұсынады. Ол баланың психикасына негативті әсер етеді», — деді педиатр Нұржамал Әубакирова.

        Цифрлы технологияның дамуы мен ата-аналардың өз баласына деген немқұрайлы қарым-қатынасы балалардың арасында осы дерттің таралуына әкеліп жатыр дейді маман.

        Жалпы бұған не себеп? Цифрлы технологиялар, гаджеттер? Анимациялық өнімдер? Экология? Ішкен сусын, жеген ас? Әр жағдайда әртүрлі болар. Дегенмен өте алаңдатарлық мәселеге айналды.

       https://kaz.caravan.kz/