фото: kuyrshak_teatry
10 қаңтар күні сағат 12:00-де Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театры ерекше форматтағы «Қасқыр мен жеті лақ» спектаклін аудио дескрипциямен сүйемелдеп көру қабілеті нашар балаларға ұсынбақ. Аталған жоба инклюзивті өнерді дамыту жолындағы маңызды қадам болып табылады және ерекше қажеттіліктері бар балаларға жарқын эмоциялар сыйлап, оларға театр саласымен жақындасуға және сиқырлы қуыршақ әлемінің атмосферасын сезінуге мүмкіндік береді. Жобаның жүзеге асуына театр мен инклюзивті бастамаларды қолдауға және балаларға өнердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған «Дара» қайырымдылық қоры арасындағы нәтижелі ынтымақтастық ықпал етті.
Осындай жобалар қазіргі қоғамда маңызды рөл атқарады. Мәдениетімізді дәрептеуге зор мүмкіндік беріп, қоғамдағы ерекше қажеттіліктері бар адамдарға құрмет пен ықыластың артуына үлес қосады. Барлығына тең мүмкіндіктер жасауға септігін тигізеді. Аудиодескрипциямен сүйемелденген спектакль көру қабілеті бұзылған балаларға театр әлемінің ғажайыбын сезініп, көркем талғамын дамытуға және шығармашылық шабыт алуға жол ашады.
«Қасқыр мен жеті лақ» спектаклі ағайынды Гриммдердің ертегісі және орыс халық ертегісі желісімен сахналанған. Баршаға белгілі терең мәнді оқиға спектакльде жаңаша қырынан ашылып, көрермендерге таңғаларлық эмоция сыйлайды. Батылдық, тапқырлық және бауырмалдық туралы қызықты ертегі айрықша қуыршақтармен және әсерлі музыкалық номерлермен ерекшеленеді.
Алматы қуыршақ театры үшін аталмыш көрсетілім – театрдың дамуына арналған жаңа белес қана емес, сонымен қатар оның әлеуметтік миссиясына қосқан елеулі үлесі болмақ. 90 жылдық тарихында театр әрдайым жаңашылдыққа ұмтылып, өнер аясын кеңейтуге талпынып келеді. Бүгінгі таңда театр әрбір баланың қуыршақтар әлеміне келуіне мүмкіндік беріп, шабыт ошағы ретінде дамуын адеген ұмтылысын растап отыр.
Осы маңызды көрсетілімді өткізіп алмаңыз!
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через