фото: https://pixabay.com/ru/
Айыппұл халықтың қалтасына қол салу емес
Жақын аралықта елімізде айыппұлдың түрлері жария етілді. Оған көпшілік адамдар өз тарапынан әлеуметтік желілерде өкпе-реніштерін білдіріп жатқан жайы бар. «Тәртіпке бағынған – құл болмайды»- деген сөз бар. Айыппұлды халықтың қалтасына қол салу деп қабылдайды көпшілік. Кейбір заңдар, салынатын айыппұлдың түрлері күлкілі көрінеді. Бірақ сол күлкілінің түп астарында тәрбие жатқан сыңайлы ма. Мәселен темекі шекпейтін, анайы сөзді қолданбайтын, кез-келген жерге қалай-солай түкірмейтін, өрескел, оғаш әрекеттерімен ерекшеленбейтін мәдениетті адамдар заңның қатал болып, қоғамда тәртіп орнағанын қос қолдап қолдайды. Өз-өзін қоғамда тәрбиелегісі келмейтін оспадар адамдарды кім тәрбиеге шақырады, осылай үкімет қолға алмаса. Күні кеше ғана қоғамдық орында қыз балаға қол көтерген жігітті тәртіпке шақырамын деп 31 жастағы ер азамат кісі қолынан қаза болды. Мен де осы қоғамның бір азаматы ретінде заңның қатал болып, бұзақылық, тәрбиесіздікке қатысты шығарылған айыппұлдардың болғанын құптар едім.
Есі кеткен қоғамның есін жиғызу
Мәселен Оңтүстік Кореяда ажырасқандардың өзіне қатал заң бар екен. Ажырасқан адамдарға қолданылатын жаза бар. Өрескел көрінгенмен, ол да ессіз кетіп бара жатқан қоғамның есін жиғызудың амалы болар деп ойлаймын. Бүкіл адамзат семіздіктен, қант диабетінен зардап шегіп отырған жайы бар. Оның түп төркінін бәрімізде білеміз. Өте жылдам тағайындалатын тағамдар, көше бойын жайлаған фас-фасфудтар сататын дүңгіршектер. Тағы да Кореяны айтпасқа болмайды, өзге елдің тағамын өндіріске енгізген, тіпті дүкеніне қойып сататын кәсіпкерлерге арналған айыппұл бар. Ол өз еліндегі тамақ өндірісін алға бастырып қана қоймай, өз нәпсісін тыя алмай жүрген біраз адамға сабақ болайын деп тұр. Біз байқамаймыз бірақ тәртіпсіздіктің шегіне жетіп қалғандаймыз. Күнде қоғамда түрлі-түрлі жаман ақпараттардан аяқ алып жүре алмай қалдық. Естіген құлақ жиіркенетіндей, өз баласына өзі қиянат жасайтын айуан ата-ана сымақтардың қарасы көбейді. Жаңадан енгізілген айыппұлдар жүйесін қолдаймын. Әсіресе көшеде қоқыс тастауға, түкіруге салынған айыппұлдарды жөн санаймын. Көлік жылдамдығын шектейтін штрафтардың өскенін, көшемен де, жүргінші тротуарлармен де бей-берекет ызғып жүретін мопедтерді тіркеуге және жүргізуші куәлігін алуға бағытталған шаралардың енгізілуін қолдаймын. Тіпті көлікті 5 минуттан артық қыздыруға болмайды деген заңды да дұрыс деп санаймын. 2 млн халқы бар Алматыда 1 млн жуық көлік бар. Солардың бәрі таңертең шамамен бір уақытта машиналарын 20 минуттап қыздырса ауа ластанбағанда қайтеді. Бұл барлық мегаполистерге тән проблема.
Көлікті көп қыздыру экологияға зиян
Ал мәселен Германияда көлікті мүлдем қыздыруға болмайды. Оталдырған бойда жүріп кетуге тиіссің. Штраф 150 ден 400 евроға дейін. Солтүстік Рейн-Вестфалия жерінде бұл сома тіптен 1- 5 мың евроға дейін жетеді. Сөйте тұра көліктің әйнектері түгілі төбесінде(капотта) қар қалса 40 евро айыппұл салады.
Нью-Иоркта да қыздыруға тыйым салынған. Айыппұл 350$. Бұл елдердің климаты жұмсақтау десеңдер, қысы бізден де суық Финляндияда 3 минуттық шектеу қойылған. Одан ассаң бірінші рет 250€, екінші рет 500€, үшінші рет 1000€.
Қоқыс пен темекі тұқылын көшеге тастауға да белгіленген айыппұлдары сол шамалас. Темекі қалдығын әр бұрышқа, тротуарға лақытып жүре беретін жандарға бұл бір керемет тыйым болар еді.
Әлем бойынша ең көп айыппұл түрлері Финляндияда. Ал ең жоғары айыппұл Жапонияда. 9000 иенадан 1 млн иенаға дейін (3,5 млн теңге)
Ұлыбританияда тіпті мынандай заң бар. Көлікпен мысықты не итті басып кетсең 3000£ айыппұл салады. Біріккен Араб Әмірліктерінде түйені қағып кетсең иесіне 70 000$ төлейсің. Билік мұны немен түсіндіреді дейсіз ғой. Ит пен мысық, түйе жол ережесін білмейді, үйрене де алмайды. Сондықтан олар үшін адам жауапты.
Адам өзін тәрбиелей алмаса осылай болады
Ұлыбритания, Германия, Финляндия сияқты елдер тумасынан сондай зайырлы мемлекет бола қалды деймісіңдер? Жоқ. Қажет десеңіздер, Лондон мен Париж тұрғындары кешегі ХІХ ғасырдың аяғына дейін түнгі нәжістерін терезеден тура көшеге шелектеп төгетін. Тек қатаң талап пен заң ғана оларды қоғамдық тәртіпке үйреткен.
Біздің елге де сондай қатаң тәртіп қажет. Сонда ғана қаладағы көшелер тазарады, экология жөнделеді. Жасыратыны жоқ, біздің көбіміз тек қалтадан қаққанда ғана ес жиямыз. Өтірік деңдерші ал. Сондықтан адам санасына қалтасы арқылы сілікініс жасамаса, қоғам бетімен кетіп бара жатыр.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через