фото: https://pixabay.com/ru/
"Ішімдіксіз ауыл" жобасының арқасында соңғы бірнеше жылда 30-ға жуық ауылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген
"Ішімдіксіз ауыл" бастамасы Түркістан облысындағы 30-ға жуық елді мекенді қамтып, тату және қауіпсіз қоғамдастық құруға атсалысуда, деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл жобаға Ордабасы мен Мақтарал аудандарынан бес ауылдан, Келесте – төрт, Сайрамда – үш, Қазығұрт, Төлеби және Сауранда – екіден, Отырар, Жетісай және Арыс аудандарында бір ауылдан қосылып, ауыл тұрғындары спирттік ішімдіктерді сатудан бас тартқан.
Мысалы, Сауран ауданындағы Нұртас ауылында 1835 адам тұрады. Ауылда бір мектеп, екі балабақша болса, жергілікті тұрғындарға үш дүкен қызмет көрсетеді. Ауыл тұрғындары құрт пен май дайындап, мал өсіреді.
"Бабадан мал қалғанша, тал қалсын" деген сөзді ұстанған жергілікті тұрғындар ағаш егіп, сенбілікке шығып, бұл үлкен-кішінің игі дәстүріне айналған.
"Ішімдіксіз ауыл" жобасының арқасында соңғы бірнеше жылда 30-ға жуық ауылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Полицейлер ішімдік сатылмайтын ауылдардың саны өседі деп үміттенеді. Тәртіп сақшылары қылмыссыз қоғам құру жұмыстарын жалғастыруда.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через