фото: https://www.pexels.com/
Шара балаларды цифрлық технологиялардың теріс әсерінен қорғау мақсатында қолға алынғалы отыр
Түркияда 13 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіні пайдалануға шектеу енгізіледі.
Шара балаларды цифрлық технологиялардың теріс әсерінен қорғау мақсатында қолға алынғалы отыр. Жаңа заң халықаралық тәжірибеге негізделген.
Құқық қорғаушылардың айтуынша, құжат балаларды әлеуметтік желілерде кибербуллинг, қолайсыз контентке қолжетімділік және гаджеттерге тәуелділік сияқты түрлі қауіптен сақтайды.
Сондай-ақ әлеуметтік желілердің өз платформаларына жас ерекшеліктерді тексеру механизмдерін енгізіп, балалардың жеке деректерін қорғауды міндеттейді.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через