Қытай жасанды аралда әлемдегі ең үлкен әуежай салады

Қытай жасанды аралда әлемдегі ең үлкен әуежай салады
фото: https://pixabay.com/ru/

Әуежай төрт ұшу-қону жолағы және үлкен жолаушылар терминалымен жабдықталады

Қытайда әлемдегі ең үлкен халықаралық әуежайдың құрылысы басталды. Әуе айлағы 20 шаршы шақырымды құрайтын жасанды аралда орналасады.

Ол төрт ұшу-қону жолағымен және үлкен жолаушылар терминалымен жабдықталады.

Әуежайдың бірегейлігі оның өткізу қабілетінде жатыр. Биліктің ауқымды жоспарларына сәйкес, ол жылына 80 миллионнан астам жолаушыға қызмет көрсетеді.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, әуе айлағын салу үшін жер таңдау және жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу сонау 2003 жылы басталған.

Аяқталғаннан кейін ол жасанды аралдағы әлемдегі ең үлкен әуежай болады деп күтілуде, ол көлемі жағынан Гонконг халықаралық әуежайынан да, Жапонияның Кансай әуежайынан да асып түседі.

ҚазАқпарат