фото: pixabay.com
Қытайлық әуе компаниялары 2024 жылы 700 миллионнан астам жолаушы тасымалдайды. Бұл туралы caacnews.com агенттігі хабарлады.
Қытайдың азаматтық авиация саласын бақылау деректері бойынша, биылғы 15 желтоқсандағы жағдай бойынша қытай әуе компаниялары 700 миллион 480 мыңнан астам жолаушы тасымалдап, ал орташа тәуліктік жолаушы тасымалы 2 миллионнан асып, бір жыл бұрынғыдан 18,1 пайызға артты, 2019 жылмен салыстырғанда 10,7%-ға өсті.
Бұл Қытайдың азаматтық авиациясының даму тарихындағы жаңа рекордты көрсетті.
Статистика көрсеткендей, 2024 жылы Қытайдың ішкі бағыттары шамамен 640 миллион жолаушы тасымалдайды, бұл 2023 жылдан шамамен 13% және 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 14% өсу.
Халықаралық бағыттағы жолаушылар ағыны да айтарлықтай жақсарып келеді. Есепті кезеңде қытайлық әуе компаниялары халықаралық бағыттар бойынша 60 миллионнан астам жолаушы тасымалдады, бұл откен жылмен салыстырғанда 130%-дан астамға артып, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 88%-ға дейін қалпына келген.
Материал kaz.inform.kz сайтынан алынды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через