фото: https://www.culture.ru/events/
Қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби пианист, әрі музыка-танушы Гүлжауһар Шомбалованың туғанына 105 жыл.
Өнер иесінің мерейтойына орай Оралда мерекелік шара өтті. «Атамекен» өнер ордасына жиналған зерттеушілер, дарын иесінің өмірі мен өнерінен сыр шертті. Гүлжауһар Айып-қызы 1919 жылы 20 желтоқсанда Жәнібек ауданының Қарпық ауылында дүниеге келген. 1930 жылы Алматы музыка техникумы ашылғанда Гүлжауһар сол білім ордасында білім алуға қабылданған. Кейін консерваторияда білімін жалғастырды. Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында, пианист-концертмейстер болып қызмет етті. Соғыс жылдары, маЙданның алғы шебінде, жауынгерлерге өнер көрсеткен. Абай Құнанбаевтың музыкалық мұраларын зерттеп, 1958 жылы өзінің кандидаттық диссертациясын қорғады. Сол жылы небәрі 39 жасында ауыр науқастан дүние салды. Айболат Құрымбаев, өлкетанушы: - Көптеген талантты қыздарымыз бар. Солардың бірі осы Гүлжауһар болып келеді. Жай ғана пианист болмай, кәсіби пианист болып, сонымен қатар ғалым болудың өзі екінші дүниежүзілік соғыс алдында ол деген үлкен жетістік деп есептейміз. Аз ғана өмір сүрген бұл кісі.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через