фото: https://pixabay.com/ru/
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті "білім беру және тәрбие ұйымдарында тамақтануды ұйымдастыру стандарты" құжатының жобасын дайындады. Құжат “Ашық НҚА” порталында жарияланды.
Құжатты талқылау 17 желтоқсанға дейін жалғасады. Стандартқа сәйкес асхана мәзірді ұйымның директорымен келісуі керек.
Балаларға бір тағамды, гарнирлерді немесе аспаздық өнімдерді бір күн ішінде және келесі екі күнде қайталап беруге болмайды.
Күніне тұз бастауыш сыныптар үшін 3 граммға дейін, ал қалған оқушылар үшін 5 грамға дейін берілуі керек. Ал қантты баланың жасына байланысты тағамға күніне 26-34 грамнан аспайтын мөлшерде қосуға болады.
100 грамм тағамға 0,3 грамм тұз бен 5 грамм қанттан артық рұқсат берілмейді. Тағамның төрттен үш бөлігі көкөністер, жемістер, дәнді дақылдар, бұршақ дақылдары, жидектер, жаңғақтар, тұқымдардан тұру керек.
Майдың майлылығы кем дегенде 72% болуы керек. Қарашадан мамырға дейін иммунитетті нығайту үшін тағамға С дәрумені қосылады.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через