Қазақстандық ауыр атлет Қатарда екі рет рекорд орнатты

Қазақстандық ауыр атлет Қатарда екі рет рекорд орнатты
фото: https://kaz.inform.kz/news/

       Қатарда өткен жасөспірімдер мен балалар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық ауыр атлет Құрманбек Ақжол әлемдік екі рекорд орнатты. 

       - Бүгін Қатарда спортшымыз бірден 2 әлемдік рекорд пен Азия рекордын жаңартты: екінші жаттығуда 175 кг көтеріп, қос сайыс қорытындысы бойынша 316 кг көрсеткішке қол жеткізді. Ақжол 3 алтын медаль жеңіп алып, 2024 жылғы Азия чемпионы атанды, - деп жазды Қазақстан ауыр атлетика федерациясынан.

       https://kaz.inform.kz/