фото: https://pixabay.com/ru/
Қала 2022 жылы жер сілкінісінен зардап шеккен болатын.
Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев айтты.
Сенатта "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне дипломатиялық қызмет, халықаралық шарттар және дамуға ресми көмек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң қаралды.
"Біздің сыртқы саяси концепциямыз бар, сонымен қатар Президенттің Жарлығымен бекітілетін дамуға ресми көмек көрсету мемлекеттік саясаттың басты бағыттары бар. Бұл екі құжаттың негізінде біз бірінші кезекте Орталық Азия, Ауғанстан және Африка елдеріне басымдық беріп отырмыз. Бұл құжаттан тыс Президенттің тапсырмасы бойынша басқа да дамуға ресми көмек туралы жобалар іске асырылады. Атап айтқанда, 2022 жылы Түркияда болған жер сілкінісі болды. Біз Түркияның Газиантеп қаласында арнайы мектеп саламыз", – деді Әлібек Бақаев Сенаттың жалпы отырысында.
Бұл 2024-2025 жылдардың дамуға ресми ең үлкен көмек жобасы болып саналады.
"Неге 2022 жылы дамуға ресми көмектің мөлшері 2021 жылмен салыстырғанда аз болды дегенге келсек, біріншіден бұл бюджет саясатына қарайтын жобалар. Бюджеттенқосымша ақша бөлінетін болса, онда жобалардың саны өседі. Екіншіден, жыл сайын жобалардың санын көтеру мақсаты жоқ. Бұл негізінен біздің сыртқы саясатымызға және оның басымдықтарына байланысты", – деді министрлік өкілі.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через