фото: https://pixabay.com/ru/
Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары мұздың қалыңдығын түсінен қалай анықтауға болатындығын түсіндірді.
ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қазір өңірде «Мұз-2024» акциясы жүргізіліп жатыр. Соның аясында құтқарушылар еріктілермен және полицейлермен бірлесіп 1300-ден астам рет рейдке шықты. Халыққа мұздағы қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігі түсіндірілуде.
- Мұздың қалыңдығын түсінен анықтауға болады. Мұздың түсі сұр болса ол тез сынып кетеді. Көгілдір болса берік деген сөз. Қамыс және басқа да өсімдіктер өсетін жерлерде мұз үнемі жұқа болады. Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелеріне сәйкес қалыңдығы 25 сантиметрден кем мұзға шыққан кезде өзіңізбен бірге ысқырық, құтқару жилетін, диаметрі кемінде 11 мм арқан, ұзындығы кемінде 2 метр таяқ алуыңыз қажет, - дейді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Исхар Савазов.
Осы қауіпсіздік шараларын бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлейді.
https://kaz.inform.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через