Медициналық сақтандырудың туристерге пайдасы қандай?

Медициналық сақтандырудың туристерге пайдасы қандай?
фото: pixabay.com

Шетелге шығатын турист үшін тағы бір маңызды мәселе, ол медициналық сақтандыру. Яғни сыртта жүргенде шұғыл дәрігер көмегі қажет болса, оның қызметіне кететін қаражатты медициналық сақтандыру арқылы жабуға болады, деп жазды qazaqstan.tv. 

Бұл сақтандырудың шарттары қандай? 

Стандартты туристік медсақтандыру әдетте шетелде жүріп ауырып қалсаңыз, инфекция жұқтырып алсаңыз немесе уланып, жарақаттанып қалсаңыз пайдалануға болады. 

Сондай-ақ, полис науқасты жақын жердегі ауруханаға тасымалдау, денсаулық жағдайына байланысты өз еліне эвакуациялау, көмекші адамды шақырту қызметтерін де қарастырады. Сондықтан медсақтандыруды таңдар кезде компания сенімділігі мен клиенттерге көрсететін қызмет сапасын тексерген жөн. 

Полистегі шарттармен мұқият танысып, қандай жағдайларда өтемақы төленетінін және қандай медициналық қызметтер қамтылатынын білген абзал.

Туристік медициналық сақтандыру қандай жағдайларда көмектеседі?
- кенеттен ауру
- инфекция жұқтыру
- улану
- жарақатанған жағдайда
Сақтандыру қызметі
- науқасты жақын жердегі ауруханаға тасымалдау
- эвакуациялау
- көмекші адамды шақырту
Сақтандыруды таңдау
- компания сенімділігі
- қызмет көрсету сапасы
- полис шарттары