Конькимен жүгіруден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем кубогында үздік үштікке кірді

Конькимен жүгіруден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем кубогында үздік үштікке кірді

фото: Фото: olympic.kz

Бірінші орынды Германия иеленсе, екінші орынды Норвегия жеңіп алды.

Конькимен жүгіруден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Томашув-Мазовецкийде (Польша) өткен әлем кубогының кезеңінде қола медальға қол жеткізді.

Бұл сайыста ел намысын Анастасия Беловодова, Арина Ильященко және Алена Лифатова қорғады.

Отандастарымыз командалық жарыстарда үшінші нәтиже көрсетті.

ҚазАқпарат

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз