фото: https://www.istockphoto.com/
Ғалымдар тамақтың өмірге әсерін есептеді: хот-дог оны 36 минутқа қысқартады, ал ақсерке 32 минут қосады.
Тамақтану саласының маманы Луис Альберто Замора ультраөңделген тағамдардың (UPF) адам өміріне қалай әсер ететінін көрсетті. Ол Мичиган университеті ғалымдарының зерттеуіне сілтеме жасап, кей танымал тағамдардың нақты қанша уақыт «ұрлайтынын» есептеп берген.
Мәселен, хот-дог адам өмірін – 36 минутқа, бір стақан кола – 2 минутқа; чизбургер 9 минутқа кемітеді.
Алайда, жақсы жаңалықтар да бар: арахис майы мен джем қосылған бутерброд өміріңізге 32 минут қосады; бір уыс жаңғақ – 16 минутқа, жемістер – 10 минутқа, ақсерке 32 минутқа ұзартады.
Ғалымдар барлығы 5 800 өнімді зерттеп, олардың денсаулыққа тигізетін оң және теріс әсерін бағалаған.
Дұрыс тамақтану арқылы өмір сапасы мен ұзақтығын жақсартуға болады. Мамандар өңделген, фастфуд өнімдерін шектеп, табиғи, пайдалы тағамдарды көбірек тұтынуға шақырады. Жеміс, жаңғақ, балық өнімдері – өмірді ұзартудағы басты көмекшілер бола алады.
https://turkystan.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через