Google Play арқылы SpyLoan вирусы таралып жатыр

Google Play арқылы SpyLoan вирусы таралып жатыр
фото: pixabay.com

McAfee мамандары Google Play жүйесінде SpyLoan вирусы бар 15 мобильді қосымшаны тапты, деп хабарлады Bleeping Computer.

SpyLoan вирусын Google Play жүйесі арқылы 8 миллионнан астам қолданушы жүктеген. 

Bleeping Computer жазуынша, вирус иелері қолданушыларды жедел несиелер ұсыну арқылы тартқанымен, қосымшаны орнатқаннан кейін олардың құпия мәліметтерін, оның ішінде банк реквизиттерін және SMS, локация және байланыстар тізіміне рұқсаттарын алған. 

Мұндай зиянды қосымшалардың ең танымалдарына Prestamo Seguro-Rapido и Prestamo Rapido-Credit жатады. Олардың әрқайсы миллионнан астам рет жүктелген. 

Олар Оңтүстік Америка, Оңтүстік-Шығыс Азия және Африка елдерінің тұтынушыларына бағытталған. Сондай-ақ, Таиланд, Индонезия және Сенегал тұтынушыларын көздеген қосымшалар да бар. 

"Google компаниясы қауіпсіздік шараларын күшейткенімен, SpyLoan вирусы бар қосымшалар компанияның қорғаныс жүйесін айналып өтіп, Google Play дүкеніне еніп кетіп жатыр. Сондықтан McAfee сарапшылары қолданушыларға қандай қосымшаларға рұқсат бергенін тексеріп, Google Play Protect жүйесін іске қосуға кеңес береді", – деп жазды Bleeping Computer. 

Google қазірге дейін SpyLoan вирус бар 15 қосымшаны өз жүйесінен өшірген.

Материал Informburo.kz сайтынан алынды.