фото: https://kaz.nur.kz/
Төрехан Сабырхан ересектер арасындағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті. Қарағанды қаласында бокстан жылдың қорытынды жарысы Қазақстан чемпионаты басталды.
Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 400-ден аса қатысушы жиналды. Әсіресе көпшілік жастар арасынан ересектер арасына енді ауысқан әлем чемпоны, азия чемпионы, әлі бірде бір жеңіліп көрмеген Төрехан Сабырханның жекпе-жегін тағатсыздана күтті. Ол қазір Түркістан облысы атынан шығып жатыр және алғашқы айналымда ақмолалық Айбек Төлегеновты жеңді. Дәл осылай жарыстың бірінші күні 67 келідегі тағы бір фаворит жамбылдық Илья Калинин, 71 келідегі қарағандылық Сабыржан Аққалықов, 75 келідегі түркістандық Аман Қонысбеков және 60 келідегі жергілікті Талғат Сырымбетовтар қарсыластарын айқын басымдықпен ұтты. Қазақстан чемпионаты ерлер және әйелдер арасында болады. Іріктеу кезеңдері алдағы сенбіге дейін жалғасады. Одан кейін ширек финал, жартылай финал және финал кездесулері күтіп тұр. Аталмыш жарыста отандық төрешілермен қатар шетелдік төрешілер де қызмет етеді. Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша ұлттық құрама жасақталып, алдағы халықаралық жарыстарға әзірлікке кіріседі.
https://24.kz/kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через