фото: https://www.gov.kz/
Қазіргі таңда интернет-дүкендерді пайдаланушылар саны күн сайын артып келеді. Әлеуметтік желілерде жарнамаланып жатқан кез-келген биологиялық белсенді қоспаларды ешқандай кедергісіз тапсырыс бере аламыз. Әдемі қаптама, емдік қасиеті туралы ақпарат, бір сөзбен айтқанда түрлі-түсті жарнамаға қарсы тұру қиын. Сонымен, біздің тұтынушыларымыз тапсырыс береді. Алайда, қаптамадағы көрсетілген ақпараттар расталмай, сенімсіздік пен күмән пайда болады. Тауарды сатып алғанда ыңғайсыз жағдайда тап болмау үшін Сізге құқықтық сауаттылықты арттырауға кеңес береміз.
Ең алдымен, биологиялық белсенді қоспаларды дәрігердің нұсқауы бойынша белгіленген мөлшерде қолдануымыз керек. Биологиялық белсенді қоспа, дәрілік препарат емес. Биологиялық белсенді қоспалардың жарнамасы 2020 жылғы 27 қазандағы № ҚР ДСМ-160/2020 бұйрығымен бекітілген ҚР ДСМ 2024 жылғы 27 маусымдағы № 36 мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудағы және қадағалаудағы мемлекеттік тіркеуге жататын өнімдердің (тауарлардың) жарнамасын жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
ББҚ жарнамасында келесі мәліметтер болуы керек:
1.құрамына кіретін белсенді компоненттер туралы мәліметтерді;
2.қолдану тәсілі мен дозаларды;
3.негізгі жанама әсерлерді (бар болған жағдайда);
4.негізгі қарсы көрсетілімдерді (бар болған жағдайда);
5.балаларға, жүкті әйелдерге, сондай-ақ бала емізу кезеңіне қатысты ерекше нұсқауларды (бар болған жағдайда);
6. сату шарттарын;
7.қолдануға көрнекі және түсінікті ұсынымдарды;
8.өндірушісінің және өндіруші Қазақстан Республикасында шағымдарды қабылдауға уәкілеттік берген тұлғаның атауын, мекенжайын;
9.жарнамалау объектісінің дәрілік зат болып табылмайтындығы туралы ескертуді;
10.қоғамдық көлікте, оларды тағайындауға, пайдалануға және сатуға қатысы жоқ ұйымдарда, өнеркәсіптік өнімдерде, рецептуралық бланкілерде таратпауды және орналастырмауды көздейді.
Алматы қаласы Әуезов ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары биологиялық белсенді қоспаны таңдау барысында, қаптамада көрсетілген ақпараттарды мұқият оқуға кеңес береді.
Ұлт саулығы-ел болашағы!
Алматы қаласы Әуезов ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Исембаева Асима Бакытжановна; Алматы қаласы Әуезов ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының техникалық регламеттерінің сақталуын бақылау бөлімінің бас маманы Анысбекова Асел Жалғасбекқызы
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через