фото: https://kazgazeta.kz/
Қазақстандық режиссер Асхат Кучинчерековтың «Бауырына салу» атты толықметражды фильмі 2025 жылғы «Оскар» сыйлығының «Шет тіліндегі ең үздік фильм» номинациясына ұсынылды. Бұл туралы фильмнің ресми Instagram парақшасында жарияланды.
«Бaуырына салу» – режиссер Кучинчерековтың алғашқы туындысы. Фильмде қазақтың бауырына салу дәстүрі негізінде, әжесі тәрбиелеп өсірген баланың өмірі суреттеледі.
Фильм бұған дейін халықаралық деңгейде үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, Австрия, Баку, Сан-Себастьян фестивальдерінде және Азиялық-Тынық мұхит киножүлдесінде (APSA) бірнеше марапатқа ие болды.
«Бaуырына салу» фильмі Қазақстаннан ұсынылған, себебі ол «Тұлпар» ұлттық кино сыйлығының «Үздік фильм» номинациясын жеңіп алған болатын. Бұл номинацияны жеңіп алған фильмдер «Оскар» сыйлығына ұсынылады. Алайда, фильмді нақты таңдау туралы шешімді Қазақстан кинематографистер одағының Оскар комитеті қабылдады.
Фильм жақында шетелдік көрермендерге ұсынылады. Фильмнің халықаралық прокат құқықтарын америкалық Willa компаниясы сатып алған.
https://kazgazeta.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через