Астық бітік шығып, қамбалар толған жыл

Астық бітік шығып,  қамбалар  толған жыл
фото: https://pixabay.com/ru/

Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының маңызды салаларының бірі. Бүгінде халықтың 37%-дан астамы ауылдық жерлерде тұрады, ал ауыл шаруашылығы өндірісінің даму деңгейі қазақстандықтардың көпшілігінің әл-ауқатына тікелей әсер етеді. Еліміз кең байтақ дархан даласы сан алуан ресурстарға бай. Мемлекет жеңілдетілген қаржыландыру мен субсидиялар беру арқылы аталған сектордың белсенді түрде қолдау көрсетуде. Сондай-ақ ауылшаруашылық техникасының өндірісі мен лизингі көлемі жыл сайын өсуде. Аталған шараның барлығы өз нәтижесін беруде: биыл еліміздің диқандары дәнді  дақылдар  жинаудан  өте  жақсы  көрсеткішке  қол  жеткізді.

Астық өнімі

Жыл сайын елімізде көктемгі егіс және күзгі жиын-терім жұмыстарын табысты жүргізуге қажетті барлық жағдай жасалып келеді. Президент тапсырмаларын орындау аясында биыл агроөнеркәсіп кешенін (АӨК) қаржыландыру 580 млрд теңгені құрады. Бұл қаражат диқандарға  пайыздық мөлшерлемені төмендетіп несие беру, форвардтық сатып алуға бағытталды. 2025 жылы қаржыландыру көлемін 700 млрд теңгеге дейін арттыралады деген жоспар бар. Биылғы күзгі ауа-райы да егін жинау науқанында диқандарға өнімдерін жинауға өте қолайлы болды. 

Осындай үлкен қолдау мен табиғаттың жайлылығы арқасында ел диқандары дәнді дақылдар  жинаудан жақсы жетістікке жетті. Биыл орташа өнімділік гектарына 16,1 центнер, 26,7 млн тонна астық бастырылды. 2023 жылы орташа өнімділік 10 ц/га құраған болатын. Сонымен қатар 3,2 млн тонна майлы дақыл (өнімділік 10,9 ц/га), 2,9 млн тонна картоп, 3,9 млн тонна көкөніс және 2,6 млн тонна бақша дақылдары  жиналды.

Бір жағынан дәнді-дақылдар жинаудағы жетістік агротехнологияларды дұрыс қолдану, сапалы тұқымдар, минералды тыңайтқыштар және өсімдіктерді тиімді қорғаудың арқасында мүмкін болды. Бұл саланы дамытуға Президент басымдық беріп отыр. 2030 жылға қарай гектарына 20 центнерге  дейін  өнім алу жоспарда  бар.

Облыс аймағындағы астық сақтау қоймаларының жалпы сыйымдылығы 30 млн тоннаны құрайды. Атап айтқанда, қолданыстағы лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарында – 12,7 млн тонна, ал ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде – 17,4 млн тонна астық сақталады. Осы көрсеткіштерге қарап,  елімзде жиналған өнімді сақтайтын  қор  жеткілікті  деп  болжауға  болады.

Астық қабылдау кәсіпорындарына шамамен 7,9 млн тонна астық тапсырылды, оның 5,7 млн тоннасы – бидай. Қалған астық егіншілер қоймаларында  сақталуда. Қазіргі уақытта лицензияланған элеваторлар жүктемесі 44%-ды құрайды. Жаңа өнімді қабылдау үшін элеваторларды босату мақсатында астықты тасымалдау және өткізу жұмыстары жалғасуда. Тамыз айынан қарашаға дейін 3,5 млн тонна астық  тасымалданды.

Қазақстан ауыл шаруашылығының үлкен әлеуетіне ие, бұл еліміздің әртараптандырылған және инклюзивті экономикалық өсуіне ықпал ете алады. Негізгі артықшылықтарының бірі – кең байтақ аумақ, халық тығыздығының төмендігі және үлкен ауыл шаруашылығы жерлерінің болуы. Республикада өндірісті сұранысқа сай болуын қамтамасыз ету, сондай-ақ өсірілетін дақылдардың биологиялық қажеттіліктерін жергілікті агроклиматтық және табиғи жағдайларға неғұрлым көбірек сәйкестендіруге бағытталған ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру  бойынша  шаралар  қабылданып  жатыр. 

2024 жылы жалпы егіс алқабы 23,3 млн гектарды құрады, оның 21,1 млн гектары – жаздық егіс алаңы. Өткен жылмен салыстырғанда бидай алқабы 560,9 мың гектарға қысқарып, 13,1 млн гектарды құрады. Майлы дақылдар көлемі 135,5 мың гектарға ұлғайып, 2,9 млн гектарға жетті.

Сонымен қатар қант қызылшасы алқаптары (5,5 мың гектарға арттырып, нәтижесінде 25,2 мың гектарға дейін) ұлғайту және ылғалсүйгіш дақылдар: мақта (10 мың га) және күріш (2,2 мың га) құрады.

Қазақстан жыл сайын 8-9 млн тонна астық экспорттайды, оның ішінде 6,5-7,5 млн тоннасы – бидай. Экспорт географиясы 40-тан астам елді қамтиды. Орталық Азия елдері, Ауғанстан, Қытай, Түркия, Иран, Италия, Тунис мемлекеті біздің елдің қалыптасқан нарығы. Өзбекстанға жеткізілген  астық көлемі 42%-ға өсіп, 944 мың тоннаны құрады.

Тәжікстанға жеткізілім 2023 жылғы 254 мың тоннадан 49%-ға артып, биыл 377 мың тоннаға дейін жетті. Қытайға экспорт көлемі 17%-ға артып, 355 мың тоннаға жетті (өткен жылы 304 мың тонна), Ауғанстанға жеткізілімдер көлемі 71%-ға ұлғайып, 115 мың тоннаны құрады (өткен жылы 67 мың тонна болған). Иранға экспорт көлемі 30 есеге дейін – 10 мың тоннадан 299 мың тоннаға артты. 

Биыл экспорттық әлеует 12 млн тоннаға жетеді деп болжануда.

Тыңайтқыш та жеткілікті

Тыңайтқыштар нарығында ең көп таралған аммиак селитрасы, аммофос, карбамид (несепнәр), аммоний сульфаты, сульфоаммофос және NPK (азот, фосфор, калий). Сонымен қатар аммоний нитраты мен аммофос жалпы  тұтынудың  60%-дан  астамын  құрайды.

Қазақстанда  тыңайтқыштардың үш түрі бойынша толық өндірістік цикл құрылған: аммиак селитрасы «ҚазАзот» АҚ-да, аммофос – «Қазфосфат» ЖШС-да, аммоний сульфаты – «ҚазАзот» АҚ-да және «Qarmet» ЖШС-да өндіріледі. Тыңайтқыштарға ғылыми қажеттілік физикалық салмақта 3,2 млн тоннаны құрайды, ал отандық өндірушілер қуаты осы қажеттіліктің 56%-ын, шамамен 1,8 млн тоннаны құрайды (оның ішінде «ҚазАзот» АҚ 420 мың тоннаны, ал «Қазфосфат» ЖШС 1 млн тоннаны өндіреді). 

Сондай-ақ өнім түрлерін кеңейте отырып, минералды тыңайтқыштар өндірісі көлемін ұлғайту жоспарлануда. Тыңайтқыш өндірушілерді жылжымалы құраммен уақтылы қамтамасыз етуге назар аударылады.

Биыл саладағы несие құнын төмендету тәсілдері қайта қаралды. Алғаш рет алты тарату арнасын пайдалана отырып, дала жұмыстарын қаржыландыру үшін бәсекелестік жағдай жасалды, ал Аграрлық несие корпорациясының тарапынан қаржыландыру көлемі 82,3 млрд теңгені құрады

Ауыл шаруашылығы  техникасы  жаңартылуда

2024 жылы 7 жыл мерзімге жылдық 5%-дық мөлшерлемемен 120 миллиард теңгеге ауқымды жеңілдікті лизинг бағдарламасы іске қосылды. Келесі жылы жеңілдетілген лизинг бағдарламасына 200 млрд теңгеге дейін, бағдарлама бюджетін 450 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңартуда оң өсу динамикасын қамтамасыз етеді. 

Бүгінгі таңда Қазақстанда 149,9 мың трактор, 38,7 мың комбайн, 5 мың егіс кешені, 76,4 мың тұқым сепкіш және 219 мыңға жуық топырақ өңдейтін және мамандандырылған техника бар. Соңғы 8 жылда ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту деңгейі оң динамика көрсетті.