фото: Астана әкімдігінің ресми сайты
Сапар барысында жолаушылар Астана мен Бурабайдың тарихы, мәдениеті мен табиғи байлығы туралы қызықты фактілерді біле алады
Астанадан Бурабайға жаңа брендтелген пойыз қатынайды.
13 желтоқсанда пойыз салтанатты түрде іске қосылады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Пойызға қазақстандық ЗИКСТО зауытында шығарылған вагондар тіркеледі. Вагондар ыңғайлы саяхатқа қажетті құралдармен жабдықталған:
заманауи кондиционер жүйесі,
лифт,
мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орындар,
экологиялық таза дәретхана.
Пойыз Нұрлы Жол және Астана станциясы мен Бурабай курорты арасында тоқтаусыз жүредіЖол жүру уақыты 2 сағат 26 минутты құрайды. Билет құны: Нұрлы Жол станциясынан – 2770 теңге, Астана станциясынан – 2548 теңге.
Пойызды іске қосу үшін вагондардың бірегей дизайны жасалды. Сыртқы безендіруге Бәйтерек, Қазақ елі монументі, Нұр-Әлем мұражайы және Щучье-Бурабай курорттық аймағының көркем пейзаждары сияқты Астана мен Бурабайдың көрнекті жерлерінің бейнелері кіреді. Сондай-ақ вагондарда Visit Astana және Visit Aqmola өңірлерінің туристік брендтері орналастырылған. Вагондардың ішкі безендірілуі Астана қаласының мәдени ерекшеліктерін және курорттың табиғи сұлулығын көрсетеді.
Пойыздың тағы бір ерекшелігі - эксклюзивті аудио тур. Сапар барысында жолаушылар Астана мен Бурабайдың тарихы, мәдениеті мен табиғи байлығы туралы қызықты фактілерді біле алады, бұл сапарды жайлы ғана емес, сонымен қатар танымдық етеді.
Бұл жоба ішкі туризмді дамытуға бағытталған.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через