Алматыда ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Алматыда ICONIC Tourism Award   сыйлығы алғаш рет табысталады

фото: Алматы әкімдігі

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award   сыйлығы алғаш рет табысталады

 

Алматыда алғаш рет блогерлер, туристік индустрия өкілдері және шетелдік саяхатшылар арасында қаланы ілгерілетуге көмектесетін жоба авторлары атап өтіледі, деп хабарлады "Сапалы Қазақстан" порталы. 

 "Туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін" - ICONIC Tourism Award арнайы сыйлығы 11 қарашада Almaty Arena-да ICONIC 2026 салтанатты  рәсімі  аясында табыс етіледі. Бұл туралы Алматының Туризм басқармасының өкілдері хабарлады.

Жаңа марапат қаланың туристік мүмкіндіктері, оның табиғаты, мәдениеті, гастрономиясы мен көрікті жерлері туралы айтып, қазақстандық және шетелдік аудитория назарын аударатындардың еңбегін тану үшін тағайындалды.

Сыйлыққа саяхат блогерлері, цифрлық контент авторлары, гидтер, туроператорлар, туристік компаниялар және медиа өкілдері қатыса алады. Сондай-ақ, өтінімдер оқиғалы, мәдени, гастрономиялық және экологиялық туризм саласындағы жобалардың авторларынан қабылданады.

 

ICONIC Аwards креативті индустрия өкілдерін, блогерлерді, журналистерді және пікір көшбасшыларын біріктіреді. Жаңа туристік номинацияның жеңімпазына ICONIC Awards  2026 марапаттау сыйлығы  беріледі.

Іс-шараның серіктестері-Visit Almaty және EACI.

Өтінімдерді қабылдау қазірдің өзінде ашық. Қатысуға өтінімді theiconicawards.com. ресми сайтта беруге болады

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!

Сондай-ақ оқыңыз

Жазылу
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз