фото: pixabay.com
Футболдан Астана мен Челси арасындағы матчтың басталуына 2 күн қалды. Конференция лигасы аясындағы ойынды тамашалау үшін әлемнің түкпір-түкпірінен лондондық клубтың жанкүйерлері Қазақстанға арнайы келеді. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Екі команданың қазіргі қарқыны қандай? Сарапшылар не дейді? Көптен күткен ойынға санаулы күндер ғана қалды. Конференция лигасы аясындағы бұл матчта лондондық аристократтардың, яғни ақсүйектердің фаворит, ал Астананың аутсайдер екені даусыз. Соған қарамастан ғайыптан тайып, Астана жеңіске жетеді деген үміт бар. Себебі ағылшындар бұл ойынға 2 және 3-қосалқы құрамдағы футболшыларын әкелмек.
Ермұхамед Мәулен, спорт сарапшысы: Астана мен Челсидың ойнауының өзі қазақ футболы үшін үлкен жарнама. Жалпы сол матчты көруге мендегі бар ақпарат бойынша Қытайдан 40-50 шақты жанкүйер келе жатыр. Енді олар Астана емес Челсидың жанкүйерлері. Қырғызстаннан 50-ге жуық және Өзбекстаннан тапсырыс берген 200-ге жуық адам бар. Жалпы конференция лигасында бір-ақ команда бар өзі аты дардай осы Челси. Сол Астанаға түсіп қалып, матч Алматыда өткелі жатыр. Осының өзі қазақ футболы үшін пайдалы нәрсе.
2 команданың жалпы бюджетін салыстыратын болсақ әрине арасы жер мен көктей. (графика) Мысалы Челсидың барлық ойыншысын қосқанда құны 963 миллион еуро болса, Астананікі 10 миллион еуроның айналасында. (графика 2) Қазір Конферция лигасында лондондықтар 12 ұпаймен көш бастап тұр. Яғни 4 ойынның төртеуінде де жеңіске жеткен. Ал елордалық ұжым 36 клубтың арасында 4 ұпаймен 23-ші орында келе жатыр. Қоржында 1 жеңіс пен 1 тең ойын және 2 жеңіліс бар.
(эмблема) Челси 963,20 млн еуро (эмблема)Астана 10,20 млн еуро
ГРАФИКА 2
Турнирлік кесте
1.(эмблема) Челси 12
2.(эмблема) Легия Варшава 12
3.(эмблема) Ягеллония 10
23 (эмблема) Астана 4
Жандос Айтбайұлы, спорт сарапшысы: - Әлеуметтік желіде әңгімелер шығып жатыр ғой Челси дайындықсыз келеді екен, қарсыласты қалпақпен ұрып аламыз деп. Яғни өздеріне сенімді. Егер бұл кездесу Астана-аренада өтетін болса, Астананың 3 ұпай алуға мүмкіндігі мол еді. Өйткені жасанды алаңда кезінде Астанамен ойнаған командалар көрді ғой қиын екенін. Ал Алматыдағы алаң табиғи алаң. Сондықтан жасыл шөпте лондондықтар кез келген сәтте, кез келген жерден гол соға алады.
Сондай-ақ Астананың ішкі біріншілікті 2-орынмен аяқтағаны белгілі. Ал ағылшын премьер-лигасында чемпиондыққа тартыс қыза түсті. Сондықтан қазір Челсидың қарқыны жоғары. Бағы мен бабы қатар шауып тұр. Олар 15-турдың қорытындысы бойынша 2-орында келе жатыр. Десе де лондондықтардың сұрмергені Коул Палмер, Фофана сынды футболшылар бұл ойынға қатыспайды.
Ермұхамед Мәулен, спорт сарапшысы: - Әрі кеткенде бізге танымалдарынан Мадуэке, Чуквуэмека деген футболшылар ғана келуі мүмкін. Челси қазір бүкіл қарсыласын жеңіп шықты. Өткенде мысалы Арменияның командасын 8:0 қылды ғой. Сондай бір ауыр оқиғалар болып кетпесін деп тілейміз. Енді ондай болмайтын шығар деп ойлаймын. Өйткені олар алыс, ұзақ жолға шығады 10 сағат уақыт қой Лондоннан бері Алматыға дейін. Одан кейін қар жауып, күн салқын болады. Таза табиғи шөпте ойнауға оларға қиын болады сондықтан 2-3 голмен тоқтайтын шығар Челси.
Жандос Айтбайұлы, спорт сарапшысы: - Жалпы 24 команданың келесі кезеңге шығатын мүмкіндігі мол десек Астана соңғы турда Апоэлге қонаққа барады екен. Кипрдан 3 ұпай алып жатса елордалық клубта жарысты жалғастыратын мүмкіндік бар. Енді доп домалақ. Бәрі мүмкін. Қарсылас та бағалай білмесе кім біледі... Астана қарсыластарына қарағанда біраз тың. Дегенмен бізде ойын тәжірибесі жоқ. Жарыстар біраз уақыт бұрын аяқталып қойды.
Әзірге футбол билеттерінің 90 пайыздан астамы сатылып кеткен. Матч 12 желтоқсан күні Алматының Орталық стандионында өтеді. Ойын 20:30-да басталады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через