фото: Алтын қалам байқауы
"Сапалы Қазақстан" «Алтын қалам» әлеуметтік жобасының ақпараттық серіктесі
«Алтын қалам» қаламгерлердің үздік туындыларын іріктейтін әдеби байқау ғана емес, ол қазақ тілі мен әдебиетінің өркендеуіне үлес қосатын, мәдени-ағартушылық бастамаларды жүзеге асырып отырған маңызды жоба, біздің бүгінгі қоғамға қажетті алтын жоба. Алматы қаласында өткен «Алтын қалам 2024» байқауы жеңімпаздарын марапаттау салтанатына келген қонақтар аталған жобаға қатысты осындай пікір білдірді.
Биыл осы байқаудың құрылғанына 15 жыл толды. Мерейтойға орай жоба ұйымдастырушылары араға үш жыл үзіліс салып конкурстың жаңа маусымын жариялаған еді. Нұрлан Смағұлов қорының қолдауымен өткен әдеби жүлдеге жалпы саны 115 автордан 202 шығарма қсынылды.
Осы жобаға ақпараттық қолдау көрсеткен «Сапалы Қазақстан» порталының тілшілері де жеңімпаздарды марапаттау шарасына қатысып, үздік қаламгерлерді құттықтаған еді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через