фото: Sports.kz
УЕФА Конференция лигасы жалпы кезеңінің бесінші турында «Астана» командасымен кездесу үшін, британдық «Челси» футбол командасының құрамы Алматыға табан тіреді. Бұл туралы Sports.kz сайты жазды.
— Алматыға сәтті қондық, — деп жазды команда әлеуметтік желіге.
Тікелей эфир «Qazsport» телеарнасында сағат 20:20-да болатынын еске саламыз.
«Челси» құрамы:
Қақпашылар: Филип Йоргенсен, Лукас Бергстрем, Макс Меррик;
Қорғаушылар: Аксель Дисаси, Тосин Адарабиойо, Ренату Вейга, Джош Ачимпонг, Харрисон Мюррей-Кэмпбелл, Ричард Олисе, Кайден Уилсон;
Жартылай қорғаушы: Карни Чуквуэмека, Кирнан Дьюзбери-Холл, Киано Дайер, Сэмьюэл Рак-Саки, Харви Вейл;
Шабуылдаушылар: Педру Нету, Ато Ампа, Тайрик Джордж, Марк Гиу, Шумайра Мхеука.
Фото: Sports.kz
Бүгін Алматының Орталық стадионында өтетін «Астана» — «Челси» матчы қарсаңында қала полицейлері билеттерді сатуға қатысты алаяқтық әрекеттер болуы мүмкін екенін ескертті.
Әлеуметтік желілерде аталған матч болмауы мүмкін деген қауесет тарады. «Астана» мен «Челси» ойыны кейінге шегеріле ме – клуб басшылығы жауап берген болатын.
Бүгін сондай-ақ «Астана» мен «Челси» ойыны алдында Алматыда Орталық стадионға тегін автобустар жүреді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через