фото: Эскиз: "Променад"/kaz.tengrinews.kz
2022 жылы Қаңтар оқиғасы кезінде тоналған Алматының орталығындағы "Променад" сауда орталығының орнына не ашылатыны белгілі болды, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz.
Алматы қаласының қала құрылысын жоспарлау және урбанистика басқармасы kaz.tengrinews.kz сайтына берген жауабында 2022 жылы "Promenade сауда-ойын-сауық орталығын қайта құру (нығайту)" нысаны бойынша жобалық құжаттама алынғанын хабарлады.
Facebook/Антон Гордеев
Сауда орталығының басшылығы ресми сауалға берген жауабында жақын арада қайта құру жұмыстарын аяқтау жоспарланғанын хабарлады. Сауда орталығының аумағында мультифункционалды бизнес-парк ашылмақ.
Эскиз: "Променад"
Сауда орталығы аумағында коворкинг пен кеңселер болады деп жоспарланып отыр. Орталық иелерінің айтуынша, бұл жұмыстарды қаңтардың соңында аяқтау жоспарланып отыр.
Promenade
Эскиз: "Променад"
Promenade ЖШС мәліметінше, Оpen Space аумағында 1600 жұмыс орнына арналған жабдықтар қарастырылған. Сондай-ақ орталықта алты мәжіліс бөлмесі, екі мәжіліс залы және 46 кеңсе жабдықталады.
Эскиз: "Променад"
"Променад" сауда орталығы Алматының дәл орталығында, Абай даңғылы мен Байтұрсынұлы көшесінің қиылысына жақын маңда орналасқан. Сауда орталығы 2022 жылы Қаңтар оқиғасы кезінде зардап шекті.
Эскиз: "Променад"
Сауда орталығындағы бутиктердің бірінің иесінің айтуынша, орталықты тонауға тек қарақшылар емес, жақын маңдағы үйлердің тұрғындары да қатысқан. Тоналғаннан кейін сауда орталығының іші өртенді.
Эскиз: "Променад"
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через