фото: https://pixabay.com/ru/users/skorchanov-
Алматыда 5 мыңнан астам ғимарат сейсмикалық төзімділік талаптарына сай емес. Сарапшылар ауқымды аудит жүргізіп, 21 мың нысанды зерттеген.
Нәтижелер қаланы дамытудың 2025 жылға дейінгі бесжылдық жоспарының жобасында жарияланды.
Құжатта Алматыдан 80 шақырым радиуста жыл сайын 200-ге дейін әлсіз жер сілкінісі болатыны айтылған. Мегаполистің өзінде 27 тектоникалық бұзылыс бар. Олардың көпшілігі – таулы аймақтарда. Тексерістен кейін мамандар 5600 ғимаратты жөндеу немесе бұзу қажет деген қорытындыға келді. Тұрақтылық деңгейін сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының қызметкерлері тексерді. Олар еуропалық стандартқа сай сейсмикалық картаны да әзірледі. Оның айтуынша, Алматы магнитудасы 9, тіпті 10 баллдық жер асты дүмпулері болуы мүмкін аймақта орналасқан.
"Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар" құжаты жарияланды.
“2001 жылға дейін салынған ғимараттарды қамтитын 10 мыңнан астам нысан сертификатталды, оның 70%-ы – Кеңес Одағы кезінде салынған 7 мың ғимарат сейсмикалық күшейтуді қажет етеді. 239 мемлекеттік нысанда сейсмикалық күшейту жүргізілді. Қазіргі таңда 6 денсаулық сақтау және 1 білім беру нысанында сейсмикалық күшейту жасалды. Кеңестік кезеңде салынған ғимараттардың 68%-ға жуығы (10 000-ның 6800-і) қазіргі заманғы сейсмикалық төзімділік талаптарына сәйкес келмейді, бұл сертификаттау нәтижесінде белгіленген және сертификатталмаған ғимараттардың сейсмикалық төзімділік талаптарына сәйкес екені туралы толық көрінісін бермейді”, – делінген құжатта.
https://stan.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через