Алматыда «Бишарашки в Таиланде» фильмінің премьерасы өтті

Алматыда «Бишарашки в Таиланде» фильмінің премьерасы өтті
фото: kino.kz

       Алматыдағы Imax Kinopark 16 кинотеатрында «Бишарашки в Таиланде» фильмінің премьерасы өтті.

       Соның аясында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі актер Жан Байжанбаевқа арналған жұлдызды қабырға ашылды. Салтанатты іс-шараға біздің түсірілім тобы да қатысты. 

       Жан Байжанбаевтың есімі көременге жақсы таныс. «Тоғысқан тағдырлар» сериалында, «Анель» және «Ағайындылар» сынды 80 ге жуық картинаға түсті. Ол «Тайгер Фильмс» продюсерлік компаниясы түсірген «Тайландтағы Бишарашки» фильмінде Әділет рөліне қайта оралды. Балалы болуды армандаған ерлі-зайыптылар Тайландқа емші іздеп барып, шытырман оқиғаларға тап болады.

       Киноның негізгі бөлімі Самуи аралында түсірілді. Режиссері бұған дейін бірнеше фильм түсірген Бақыт Қадер.
       Фильмге Таиландтағы танымал актер Пачарапон Жантиенг те қатысты. Сондай-ақ басты рольдерде Әсел Сағатова мен Еркебұлан Тоқтар ойнайды. Фильм 26 желтоқсаннан бастап көрсетіле бастайды.

       https://24.kz/kz/