фото: Алтын қалам байқауы
"Сапалы Қазақстан" ақпараттық-сараптама порталы "Алтын қалам" әдеби байқауының ақпараттық серіктесі.
Көңілдегі көрікті ойды қағазға түсіріп, оқырманға жеткізе білудің өзі өнер демекші, алдымен өзің үшін жазасың, кейін оқырман бұл туралы не айтар екен деген оймен ұсынасың. Шағын әңгімең туындыға айналып, жазған үстіне жаза бересің.
Мен үшін "Алтын қалам" әдеби байқауына қатысып бақ сынаудың өзі үлкен жеңіс. Себебі ол жерде мықтылар бақ сынасып қана қоймай, мәреге жетуге ұмтылады. Ал жаңа бастаған қаламгер үшін, көптің ішінен топ жарып, көзге түсудің өзі үлкен жетістік болар.
"Алтын қалам" байқауы
Осыдан бір апта бұрын әлеуметтік желіге "Алматыны сағындым",-деп жазған едім, келесі күні "Сіз Алтын қалам жүлдегерісіз",-деп қоңырау шалынғанда төбем көкке жетті. Мен Алматыға Алтын қаламға барамын. Жазушы үшін бұдан асқан бақыт бар ма?
"Алтын қалам" байқауы
"Алтын қалам" байқауы
Бұл байқау тек қатысып, жүлде алу емес, шығармашылық ортаны бір бірімен табыстыратын, таныстыратын, жаңа творчествалық идея сыйлап , шабыттандыратын байқау.
"Алтын қалам" байқауы
"Алтын қалам" байқауы
Мен "Жылдың үздік киносценарийі және драматургиясы" аталымына «Өткен шақтың үні» атты моноспектакль ұсынған едім. Марапаттау шарасы барысында, Алматының төрінде алғаш рет пьесамның тұсауы кесілді, оны Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрының әртістері сахналады. Расында мұндайды күтпеген едім, мен үшін бұл тосын сый, қос қуаныш болды. Кәсіби актерлар идеямды сахнада дәл бейнелеп берді. Өз шығармамды тамашалап отырып, көзімнен қалай жас шығып кеткенін де аңғармай қалдым. Себебі, өзің жазған дүние сахналанса, оны дарынды әртістер әрбір көрерменнің жүрегіне жеткізе білсе, ерекше әсер алады екенсіз.
"Алтын қалам" байқауы
Жас қаламгер қанаты қатайғанша айналасынан қолдау іздейді. сол қолдауды көрсете білген, қазақ әдебиетінің жандануына, жаңа жазушыларды танытуға қосқан үлестеріңіз үшін "Алтын қалам" байқауының ұйымдастырушыларына, демеушілеріне шексіз алғысымды білдіремін. Барша жеңімпаз қаламгерлерді шын жүректен құттықтаймын.
Біздің анықтама: Жалиева Бақыт мейрамғалиқызы.
Ақтөбе облысы, Алға қаласында дүниеге келді. 2005 жылы Байғанин ауданының Т.Жармағамбетов атындағы орта мектебін аяқтады.
Бала кезінен шығармашылыққа ден қойып, 6-шы сыныпта алғашқы ертегісін жазады.
2009 жылы Ақтөбе Мемлекеттік Педагогикалық Институтын «Дефектология» мамандығы бойынша аяқтайды.
2022 жылы «Таң Шолпан» әдеби көркем журналында «Уәде» әңгімесі жарық көреді. 2022 жылы ЗАҢ газетіне алғашқы детектив туындысы «Тылсым түннің құпиясы», 2023 жылы «Жазасы жоқ қылмыс», 2024 жылы «Қаралы сырлар» атты әңгімелері жарық көреді.
О.Бөкей атындағы "Ауыл хикаялары" атты республикалық байқаудың жүлдегері, Кемел Тоқаев атындағы республикалық байқаудың ІІ орын жүлдегері, 2024 жылғы О.Бөкей атындағы республикалық драматургия байқауының бас жүлдегері.
Қазір Ақтөбе қаласында тұрады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через