фото: Kazinform; Midjourney https://kaz.inform.kz/news/atirauda-aliment-tolemey-zhurgender-kumar-oyinga-kiruar-karzhi-audargan-533640/
Талдау барысында Атырау қаласының прокуратурасымен алимент берешігі бар 326 борышкердің соңғы төрт жылда құмар ойындарға 800 млн теңгеден астам ақша аударғаны анықталды. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Облыстық прокуратура 45 борышкерге құмар ойын сайттарына кіруге шектеу қойылғанын мәлімдеді. Сондай-ақ 11 қаскөй борышкерге қатысты алимент төлеуден жалтару дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, 14 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Әрекетсіздік танытқаны үшін 69 жеке сот орындаушысы тәртіптік жауаптылыққа тартылды және 2 жеке сот орындаушысы қызметін жүзеге асыру лицензиясынан айырылды.
- Борышкерлерді алимент төлеу міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік (ӘҚБтК-нің 669 б.) және қылмыстық (ҚК 139 б.) жауаптылық көзделгенін ескертеміз. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау Атырау облысы прокуратурасының қатаң бақылауында, - делінген хабарламада.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через