Аяздан қалай сақтанамыз?

Аяздан қалай сақтанамыз?
фото: https://www.istockphoto.com/

Аязды күні денсаулығыңызды сақтау төмендегі кеңестерді ескеріңіз:

1.Қалың киініңіз 

Термо ішкиім, жүннен жасалған шұлық кигеніңіз жөн. Онымен қоса, бас киім, қолғап, суық өткізбейтін аяқ киім болуы тиіс. Аяғыңыз құрғақ болуы қажет. Мойын мен бетіңізді де бүркеуді ұмытпаңыз.

2.Жылы су ішіңіз

Сары май, ет, жаңғақ сияқты тағамдар денеге жылу береді. Сондай-ақ шай, кофе немесе сорпа да денені жылытады. Бірақ алкогольден бас тарту керек, себебі ол тамырларды кеңейтіп, жылуды тез жоғалтады.

3. Денсаулық

Терінің ашық жерлеріне майлы крем жағыңыз. Себебі аяз теріні құрғатып, үсітіп жіберуі мүмкін. Суық тигізіп алмас үшін далада ұзақ уақыт жүрмеуге тырысыңыз. -30С жоғары болса, үйде отыруға тырысыңыз.

4. Үсік шалғанын қалай білеміз? 

Тері бозарып, сезімталдығы жоғалады. Үсік шалса, жылы жерге келіп, біртіндеп жылыту қажет. Бірден ыстық жерге жылынуға болмайды.

5. Жолдан абайлаңыз

Тайғанамайтын аяқ киім таңдау қажет. Автокөлікпен жүрсеңіз, аккумуляторды тексеріп, жылы көрпе, шам және қосымша құрал-жабықдарыңыз болсын.

https://baq.kz/