фото: https://pixabay.com/ru/
Бүгінде адамдар арасында түрлі тері аурулары кең тараған. Мезгілдік аллергия, әлде оның басқа бірдеңеден жұққаны туралы да адамдар бейхабар жүре береді. Тері ауруларын емдейтін дәрігерге барып қаралса құба-құп. Алайда мән бермей асқындырып алатын адамдар да жоқ емес. Сондықтан оқырмандарға кең таралған тері аурулары туралы ақпарат бере кеткіміз келіп отыр.
Педикулез
Паразиттік тері ауруы. Жұқтыру кезінде науқастың шашында қансорғыш биттердің пайда болуы және шоғырлануы болады. Биттер – көлемі 1,5-2 мм кішкене жәндіктер. Күнделікті бит жұмыртқалайды (сіркелейді), сіркелерін шаш түбіне немесе киім талшықтарына бекітеді. 7-10 күн ішінде жұмыртқадан балаңқұрттар пайда болып, 15-17 күннен кейін олар ересек жәндіктерге айналады.Сіркелер – сары - ақ түсті, көлемі 1- мм-ге дейін болатын сәл жылтыр жұмыртқалар.
Дерматомикоз
Патогенді зеңдерден туындайтын жұқпалы тері ауруы. Ауру науқас адам немесе жануармен тікелей қарым – қатынаста болған жағдайда жұғады, сонымен қатар, аурудың қоздырушысы бар заттарды қолданған кезде жұғады. Бұл заттарға әсіресе, аяқ киім, киім-кешек және жеке бас тазалығы заттары жатады.
Қышыма
Инфекция – жануарлардың терісінің сыртқы паразиті. Қотыр кенелерін жұқтырған иттерден адамдарға беріледі. Ауруға тән белгілері: қышыну, бөртпе және көбінесе таралу кезінде инфекцияға байланысты қайталама пустулярлы элементтер болады.
Эхинококкоз ауруы
Адам эхинококкозы – ауыр, созылмалы мүгедектікке дейін апаратын құрт ауруы. Эхинококк иттің ішегінде өмір сүреді. Жұмыртқалары немесе оның мүшелері нәжіспен бөлініп, сол ауру жұқтырған ит жүнін, суды, топырақты, шөпті және жұғысқан бөлмені, ыдыстарды ластайды.
Эхинококкоз қоздырғыштары адамның кез келген мүшесін зақымдауы мүмкін. Әсіресе бауыр мен өкпе көп зардап шегеді. Егер эхинококкозбен бауыр зақымдалса, оның оң жағында ауырсыну сезіледі, ал өкпе зақымдалса, онда наукастың кеуде тұсында ауырсыну сезіледі, жөтел, ентігу, кей кезде қан түкіру пайда болады.
Эхинококкоздың алдын алу үшін бірінші кезекте қаңғыбас және иесіз иттермен күрес жүргізу және оларға міндеті түрде жылына 2 -3 рет дегельминтизация ( құрттарға қарсы дәрілеу) жүргізу керек.
Токсоплазмоз
Бұл ауру тек мысықтардан ғана жұғады. Аурудың жұққаны бірден білінбейді. Ол жұққаннан бірнеше ай немесе жылдан кейін ғана шығады. Науқасты әлсіздік мазалап, ыстығы көтеріліп, жағдайы нашарлай бастайды. Токсоплазмоз әсіресе аяғы ауыр әйелдерге қауіпті. Себебі балаға айтарлықтай зияны тиеді.
Түрлі жұқпалы тері ауруларынан сақтанудың жолдары
Аяғы ауыр әйелдердің мысыққа жоламағаны дұрыс. Егер сіздің аяғыңыз ауыр болса, үйде мысық ұстамаңыз. Ал үйіңізде мысық болған жағдайда, оны күнделікті тексеріп отырған абзал. Жабайы жануарды сипалаған кез келген адам қолын сабындап жуғаны дұрыс.
Медициналық ұйымдар орындау керек:
-Қышыма, дерматомикоз, педикулез сырқаттанудың алдын алу мақсатында мектепте жаңадан келетін және әртүрлі себептермен ұзақ уақыттан кейін қайта келетін балаларды, жаздық демалыстан кейін тоқсан сайын қышымаға, дерматомикозға, педикулезге қарап – тексеруді ұйымдастыру және жүргізу керек.
-Педикулез ошағын бақылау мерзімі – ошақта педикулезді күнтізбелік 10 күнде 1 рет қарап-тексеру арқылы 1 ай. Зерттеп-қараудың 3 реттік теріс нәтижесі болғанда ошақты санацияланған деп санау керек.
-Дерматомикоздармен ауыратын науқастарды 10-15 күн аралықпен 2 рет зертханалық бақылау зерттеулерін жүргізе отырып, емдегеннен кейін 1 ай бойы серпінді бақылау;
-Ұйымдастырылған ұжымда қышыма ауруымен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдарды күнтізбелік 45 күн бойы медициналық бақылау;
-Төсек жабдықтарын зарарсыздандыру дезинфекциялық камераларда жүргізіледі. Педикулез, дерматомикоз, қышыма ошақтарында СЭББ-сы қорытынды дезинфекция ұйымдастырады.
-Балалардың басынан бит, сіркелер табылған жағдайда, оларды анықтап басын ата – анасына айтып тазалатып, актив уақытында беру. Бас биттерін жою жолдарын ата – аналарға түсіндіру.
-Егер анықталған жағдайда журналға тіркеп, қалалық емханаға және тері – венерологиялық диспансерге қаралуға жіберіп, мектепке жазылған деген медициналық анықтама болған жағдайда қабылдау.
-Оларды білім беру, бала-бақша ұйымдарының медицина қызметкері ұжымға санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар кешені аяқталғаннан кейін жібереді.
А.А. Құдасбек, Жетісу ауданы санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через