Халықтың 41,4% күн сайын теледидар көреді

Халықтың 41,4% күн сайын теледидар көреді
фото: pixabay.com

Отандық телеарналар – сенімді ақпарат көзі. Бұл туралы Алматыда өткен Медиақұрылтайда айтылды, деп жазды qazaqstan.tv.

. Сарапшылардың сөзінше, интернет платформа қанша дамыса да, көрерменнің телеарналарға деген сенімі жоғары. Өйткені, ақпарат жан-жақты, екі тарап қамтылып, сала мамандарының пікірімен беріледі. Сондай-ақ құрылтайға қатысушылар жалған ақпаратқа қарсы тұру тетіктері, авторлық құқық және БАҚ-та өз контентін құру жолдарын да талқылады.

Қанат Ысқақов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары:

Мемлекет тарапынан мұндай шараға қатысу не үшін керек? Біз «халыққа құлақ асатын мемлекет» қағидасын іске асыру бойынша әрбір медиа саланың маманын, БАҚ өкілдерінің басшылары, не болмаса журналистердің әрбір көзқарасы, пікірі біз үшін өте маңызды.

Фото pixabay.com.

Халықтың 41,4% күн сайын теледидар көреді

К-Research Central Asia зерттеу компаниясының биылғы мәліметтері бойынша қазақстандықтардың 41% астамы күн сайын теледидар көреді. Олардың телеарналарды көруге кететін орташа тәуліктік уақыт 173 минут. Бүгінде қоғамдық-саяси бағдарламаларға сұраныс артқан. Мысалы, «Qazaqstan» телеарнасындағы «Апта», «Ақорда», «Бас тақырып», «Әлем және біз» сияқты хабарлардың үлесі 10-14% аралығына дейін барады. Бұл көрерменнің мазмұнды дүниелерді бағалай білетінін, аналитикалық ақпаратқа сұранысын көрсетеді», - деді «Qazaqstan» телеарнасының директоры Болат Мүрсәлім.

Сондай-ақ Құрылтайда «Qazaqstan» корпорациясының «BirgeTV» тұңғыш телевизиялық платформасы таныстырылды. Бұл телеарналар тарапынан жүзеге асырылған тұңғыш әрі тек қазақ тілді стримингтік сервис. Оның басты ерекшелігі - SmartTV, мобильді құрылғылар және веб-нұсқада қолжетімді. Бүгінде бұл платформаларды қолданушылар саны 600 мыңнан асқан. Платформада Корпорация жобаларынан бөлек, «Koktem», «Show kz» секілді Корпорация ұсынған контенттер арқылы жасақталған виртуалды телеарналар бар. Айта кетсем, отандық БАҚ нарығын дамытуға бағытталған дәстүрлі медиа құрылтай биыл 16-рет ұйымдастырылып отыр.

Болат Мүрсәлім, «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының директоры:

Қанша жерден интернет платформалар, мобильді қосымшалар дамыған болса да, ол жердегі де негізгі сапалы контенттің бірі бұл телевизияның, оның ішінде отандық телеарналардың шығарған өнімі. Сондықтан бізде әлі де болса телеарнаның болашағы зор. Біз бұл бағытта халықтың сұранысына сай және сапалы әлеуметтік, қоғамдық маңызы бар дүниелерді әлі де болса көрсете беруіміз керек.